БЖЗҚ нарықты шайқады: жарты триллион теңгеге жуық аударым баспана бағасын шарықтатып жіберді
Фото: gov.kz
Сарапшылардың айтуынша, нарықтық емес ақша ағыны сұранысты қолдап, пәтердің қолжетімділігін төмендетіп, бағаны өсіріп жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылдың тоғыз айында БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған аударымдар 449,7 млрд теңгеге дейін өсті. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, бұл көлем бірден 81 %-ға ұлғайып, жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділікті күшейткен негізгі факторлардың бастысы, соның салдарынан баға да халықтың қолы жетпейтін деңгейге өсіп кетті.
«Ипотекаға деген сұраныс та артты — бір жыл бұрынғы 700,6 мың өтініммен салыстырғанда биыл 772,2 мыңға жетті. Алайда берілген кредиттердің динамикасы жеңілдетілген бағдарламаларға қарай ойысты. Жаңа несиелердің көлемі 1,7 трлн теңгеге жетіп, олардың орташа өлшенген мөлшерлемесі 9,9 %-ға дейін төмендеді. Базалық мөлшерлеме 16,5 % деңгейінде тұрғанын ескерсек, ипотеканың нақты құны теріс мәнге айналды деуге болады, бұл өз кезегінде сатып алушылардың қызығушылығын арттырды» деп жазылған шолуда
Негізгі драйвер тағы да «Отбасы банк» болды. Ол берілген несиелер көлемін 37 %-ға, яғни 844 млрд теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін көбейтті. Қаражат көлемі өссе де, халықтың ипотекалық қарыз жүктемесі төмендеді: төлемдер енді табыстың 36 %-ын құрайды (бір жыл бұрын — 38,7 %). Алайда мақұлданған өтінімдердің үлесі 25,2 %-ға дейін азайды. Қарыз жүктемесіне қойылған қатаң талаптар мен ЖТСМ-ді төмендету талпыныстары қолайлы қарыз алушылар санын шектеп отыр.
Сатып алу-сату мәмілелерінің саны 314,2 мыңға өсті. Алайда ипотека үлесі азайды: ол бұрынғы 91 %-дан 62 %-ға түсті. Көптеген сатып алушылар өз қаражатын, оның ішінде БЖЗҚ аударымдарын қолдана бастады.
Сарапшылардың пікірінше, осындай нарықтық емес өтімділік ағыны бағаларды қолдап, жаңа сатып алушылар үшін баспананың қолжетімділігін нашарлатып отыр.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша нарық негізгі көрсеткіштер бойынша екі таңбалы өсім көрсетсе де, мемлекеттік қолдауға тәуелділігі арта түсті. Жеңілдетілген ипотека енді жаңа берілген несиелердің үштен екі бөлігін құрайды. Коммерциялық ипотека қысқаруда.
«Адамдар нарықтық емес ақша мен әкімшілік шешімдерге итермеленіп отыр, ал тұрғындардың нақты табысы төмендеген кезде баға өсе береді»,
деп атап өтті сарапшылар.
Бұған дейін біз «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында БЖЗҚ сегіз миллион доллардан астам қаражат төлегенін жазған болатынбыз. Өтінімдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. Қатысушылар қаражатты тұрғын үй құрылыс жинақтарына, алғашқы жарналарға және пәтер сатып алуға есеп айырысу үшін пайдаланған. Қалған аударымдар Қазақстанда және шетелде оқу ақысын төлеуге жұмсалды.
Экономист Ғалым Хусаиновтың айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесінің 16 %-ға дейін өсуі құрылыс саласына соққы болып, баспана бағасының қымбаттауына әкеледі. Оның пікірінше, бір шаршы метрдің өзіндік құны өсіп, көптеген компаниялар шығынға батуы мүмкін. Сарапшының сөзінше, нүктелік жеңілдіктерсіз Қазақстан урбанизацияның баяулауы мен жобалардың тоқтап қалу қаупіне тап болуы ықтимал.
Өзінің осындай есептеулерімен үнемі бөлісіп отыратын Ғалым Хусаинов авторлық Telegram-арнасында карточкалық шоттарға пайыз есептелмегендіктен, әрбір клиент ай сайын орта есеппен екі-үш мың теңге жоғалтатынын да айтты. Бұл сома аз сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ел ауқымында қарастырсақ, көрсеткіш мүлдем басқа деңгейге шығады.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді
- Хайп пен қылмыс: Қазақстанда блогерлерге қатысты бопсалау істері көбейді
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?