Бүкіл отбасынан айырылған ақтөбелік келіншек мемлекетке қарсы сотта жеңіске жетті
Фото: ІІМ
Күйеуі мен үш баласының өмірін қиған жазатайым оқиғаға себепкер болды деп орынсыз айыпталған әйел жол ережесін бұзбағанын дәлелдеп, Қаржы министрлігінен 2 миллион теңге өндіріп алды.
Бұл туралы жергілікті Диапазон хабарлады.
2023 жылдың ақпан айында Әйтеке би ауданында Самара-Шымкент тас жолында Mitsubishi Montero Sport жеңіл көлігі мен тіркемесі бар Volvo ауыр жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан үш бала мен көлік жүргізушісінің күйеуі қаза тапты.
Әйел адам өлімге әкеп соқтырған жол ережесін бұзды деп айыпталған. Ол апатта бүкіл отбасынан айырылды, сонымен қатар ол түрмеде нақты жазаға ұшырады. Савина Жақсылықова апатқа кінәлі емес екенін айтып, тіпті президентке үндеу жазды.
Сот тергеуі өрескел заң бұзушылықтармен жүргізілгенін, салдарынан кінәсіз адамның айыпты болғанын анықтады. Шыңдығында, қарсы жолаққа оның көлігі емес, ауыр жүк көлігі басып озуға әрекеттенген, бірақ бұл жүргізуші жауапкершіліктен жалтарған. Сот Савина Жақсылықованы кінәсіздігін дәлелдеуге бір жылдан астам уақытын арнады.
Ақталғаннан кейін әйел өз құқықтарын қорғауды жалғастырды, ол заңсыз қылмыстық қудалаудан моральдық шығынды өтеуді талап етті.
Сот оның пайдасына шешім шығарып, қаржы министрлігінен моральдық шығын үшін 2 миллион теңге өндіруге міндеттеді. Ал заңға сәйкес, бұл сома салық төлеушілердің ақшасынан төленеді, ал істі жүргізген прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің оған еш қатысы жоқ.
Жаңалықтар
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр