Бүйрек саудасы: заңсыз ота жасаған хирург істің мән-жайын баяндады

cover Фото: Orda.kz

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында 26 мамыр күні бүйрек сатқандар мен бүйрек сатып алғандардың кезекті сот отырысы өтті. Бүгінгі сотта қандауырды қолы қалт етпей ұстайтын, ота жасаған дәрігерлер сот алдында сөйледі. Сонымен қатар, отаға кіргізу үшін «туысқан екенін» растайтын жалған құжатты жасаған нотариус қызметкері де жауап берді.

Orda.kz тілшісі әу бастан бері осы оқиғаны жіті бақылап, сот отырыстарына қатысып, ақпарат таратып келеді.

Бүгінгі отырысында Сызғанов ауруханасының екі дәрігері сөз сөйледі. Айыпталушылардың бірі Бауыржанның осы дәрігерлерге донор тауып беріп отырғанын ашық айтты.

Еске салар болсақ, алдыңғы сот отырысында адам ағзасын саудалаған қылмыстық топтың басшысы деп айыпталған Бауыржаннан (ред. есімі өзгертілді) жауап алынды. Бауыржан өзімен бірге айыпталып отырған бес айыпталушының ешқайсысын танымайтынын айтты. Өзіне тағылған айыпты ол жоққа шығарды. Ал айыпталушылардың бірі оның Түркияға бүйрек сатуға үш донор апарғанын мәлімдеді. 

 

Айыпталушылардың жалпы саны — 6. Қылмыстық кодекстің 116-бабы 2-бөлімі 4-5-тармағы бойынша іс қаралып жатыр. 

Orda.kz редакциясы осы уақытқа дейін адам ағзасын саудалаған қылмыскерлер туралы көптеген мақалалар жариялаған болатын. Сол мақалалардың барлық кейіпкерлері отаны Сызғанов ауруханасының уролог дәрігері Ислам Құрбанұлы жасағанын айтты. Міне, бүгінгі сот отырысында дәл осы Ислам Құрбанұлы сот алдына келді. Бірақ дәрігер ешкімді танымайтынын, ешкімді көрмегенін, ешкімнен ақша алмағанын айтып азар да безер болды.. Дәрігерлердің айтуынша заңда ұлпа сәйкестігі болса туысы емес таныс достары бір-біріне донор бола алады екен, сонымен қатар бұл заң дәрігерлерді де шатастыратынын және осы заңның кесірінен қиналатындарын жасырмады. Дәрігер Ислам Құрбанұлы жалпы ота қалай жасалатынын, кімдер бүйрек бере алатынын, отаға дейін және отадан кейін қандай күтім керегін айтып берді.

«Аты-жөнім — Ислам Құрбанұлы. А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология кафедрасының меңгерушісімін. Ағза саудасының басшысы деп айып тағылып отырған Бауыржан — менің емделушім. 2020 жылы бүйрегін ауыстырып ота жасаған болатынбыз. Ал Ербол өзінің бүйрегін берген донор. Қалған айыпталушылар есімде жоқ.  Емделушілер алдымен кеңес алуға келеді. Ең алдымен қан тобы анықталады, кейін ұлпа сәйкестігі тексеріледі. Барлық организімдердің қызметі тексеріледі. Одан кейін науқастың қал-жағдайы бақылауға алынады. Қосымша нотариустың келісімі,  яғни туыстық қарым-қатынасты растайтын құжат. Кейін комиссия қызметкерлерінің алдынан өтеді. Барлығы жақсы болса, ота жасалады», — деп дәрігер жалпы ота жасау үшін не керектің барлығын рет-ретімен атап өтті. 

Қазіргі таңда дәрігер Ислам Құрбанұлына қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Orda.kz дереккөзінің мәліментінше дәрігерлер 2023 жылдың 15 қазан айында Түркия елінен ота жасап келе жатқанда таңертең Алматы әуежайында ұсталған. 

Сот барысында дәрігер түнімен ұшақта болып, кешкі уақытта тергеушілер тергегенін атап өтті. 

«Бір уақыттары біздің ауруханада бүйрек ауыстыруды тездету үшін ақша алып жүргендер бар екені туралы сыбыс тарай бастады. Бауыржанды (ред. аты өзгертілді) кабинетіме шақырып,  алдын ала ескерту жасадым. Иә, бізде емделіп шыққандар өздерінің таныс туыстарын жіберетінін мен жасырмаймын. Бұл қалыпты жағдай. Бауыржанға қатысты маған ешкім шағым түсірген жоқ. Бауыржан ешқандай ақша немесе басқа адамдардың анализдерін әкелмеді», — деді Ислам. 

Прокурор Ринат айыпталушы Ерболға: «Дәрігерді танисың ба? Қандай жағдайда таныстыңдар?» деп сұрақ қойды. 

 

«Иә, бұл Ислам Құрбанұлы. 2021-2023 жыл аралығында Бауыржан өзі апарып таныстырды. Бірге жұмыс істей бастадық. Менің бүйрегімді беретін адаммен ешқандай туыстық қарым-қатынасымыз болмағанынан Ислам дәрігер хабардар болды», — деді Ербол

Бұл пікірге дәрігер туыс емес екендерін білмегендігін айтты. Бауыржанмен бірге келгені де есінде жоқ екендігін айтты. 

«Ислам Құрбанұлының  «мүмкін» деп жауап беріп отырғанына айтарым: «ешқандай мүмкін деген әңгіме жоқ». Өзімнің реципентіммен келгенде дәрігер: «кім боласыңдар?» деп сұрады. Мен ешқандай қатысым жоқтығын айттым. Сызғанов ауруханасының жанында дәмхана маңайында жиі кездесіп тұрдық», — деді Ербол. 

Бұл пікірге дәрігер ауруханадан тыс кездеспегенін айтты. Прокурор тағы бір айыпталушыдан қандай қарым-қатынаста екенін сұрады. 

«Біздің туыстық қарым-қатынасымыздың жоқтығын білді. Себебі қайта-қайта: «документтеріңді реттеңдер» деп айта берді», — деді айыпталушы. 

Дәрігерлердің айтуынша заңда ұлпа сәйкестігі болса, туысы емес таныс достары бір-біріне донор бола алады екен. Сонымен қатар бұл заң дәрігерлерді де шатастыратындығын және осы заң бойынша қиналатындарын жасырмады. Ұлпа сәйкестігі болса, жеткілікті олар туыс болмаса да болады. Тек барлығы тегін болу қажет. Егер донордың ұлпаның сәйкестігі болса, нотариус арқылы тегін беріп жатқаны жөнінде құжат жасалады. Orda.kz редакциясы осы заң бойынша денсаулық министірлігіне сауал жолдаған болатын толығырақ сілмете арқылы оқи аласыздар. 

«Мен бүйрегімді берген реципентімнен естідім. Ислам Құрбанұлы кабинетінен шығарып жіберіп реципиентіме былай деген: «Менен де басқа дәрігерлер бар. Рахмет ретінде бірдеңе бола ма?». Реципиентім аулаға қобалжып шығып, Бауыржанға хабарласты. Ақшаның бәрін саған бердік. Сол жерде дәрігерлерге беретін ақшаларда бар, неге менен ақша сұрап жатыр» деп айтты. Бірінші ақпан күні мен Бауыржанмен Сызғановтың асханасында кездестім. Маған 8 жүз мың теңге беріп, Ислам Құрбанұлымен  келіспей қалғанын айтты. Сонымен қатар Бауыржан ендігі Исламға донор жібермейтінін айтты. Бізге ота жасалғаннан кейін Сызғановқа донорларды жібермей, тек Түркия елінде жасап жүрді», — деді айыпталушы.

Келесі дәрігер Елшат Нәбиев — куәгер. Айыпталушылардың бірі бұл дәрігер 5 миллион алатынын, Бауыржанның тауып берген донорларына ота жасайтынын айтты. Дәрігер Бауыржанды танитынын мойындады және ешқандай ақша алмағанын айтты.

Дәрігер Нәбиевке де қылмыстың іс қозғалып жатыр. 

Сот залына натариус қызметкерін шақырып, жауап алды. 

«Маған бүйрек берушімен бүйрек алушылар келді. Өз еркілерімен беріп жатқанын айтты. Айыпталушылардың екеуін танып тұрмын. Маған келіп донор екеніг айтты. Заң бойынша кез-келген адам бүйрегін бере алады. Бірақ мен сақтанып тек туыстық қарым-қатынас болса ғана рұқсат қағаз беріп отырдым. База бойынша туыстықты тек ерлі-зайыпты деп қана шығады. Егер алыс туыс болса туу туралы куәлігін аламын», — деп жауап берді натариус қызметкері. 

Айыпталушылардың барлығы нотариус қызметкерін танып тұрғанын айтты. Жалпы қызметкердің айтуы бойынша деп қағаз жазып бере алмайтынын айтты. Сонда Қазақстанда ерлі зайыптылардан басқасы туыстық қарым-қатынасты дәлелдей алмайтын көрінеді. Сот соңына жақындап қалды. Келесі сот отырысында жарыс сөз болмақ. 

Orda.kz тілшісі алдағы уақытта да осы істі бақылап, ақпарат таратып отырады.





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар