Бұл хайуанаттар бағы емес: депутат Бишімбаевты көрсетпеу себебін айтты

cover Фото: бейнеден кадр

Сенат дәлізінде депутат әрі ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Марат Қожаевқа «Қылмыстық іздеу департаменті неге жазасын өтеп жатқан Бишімбаевты көрсетпейді?» деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қожаев бұл мәселені азаматтардың құқықтарын қорғау қажеттілігімен түсіндірді. Оның айтуынша, жазасын өтеп жатқан адамның да азаматтық құқықтары бар және оны мәжбүрлі түрде көрсету мүмкін емес.

«Бұл хайуанаттар бағы емес — қалаған кезіңде келіп тамашалайтын жер емес», — деп атап өтті Қожаев.

Ол ресми тұлғаларға сенім білдіруді ұсынды және Бишімбаевтың қатаң режимдегі Степногорск колониясында жазасын өтеп жатқанын мәлімдеді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар