Қарттар үйінің есепшісі 10 миллионнан астам теңге ұрлады

cover

Петропавлда қарттар үйінің бас есепшісі алаяқтығы үшін 5 жылға сотталды.

Ақпарат Zakon.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

—  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Сарсембаева 2017 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қазанға дейінгі ұзақ уақыт бойы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 3 жыл 8 ай «Қазынашылық-Клиент» бағдарламасы арқылы бос лауазымдар есебінен қалыптасқан үнемдеуден өзіне жалақы мен сыйлықақыны белгіленген лимиттен тыс заңсыз есептегені анықталды. Сәрсембаеваның құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде артық есептелген ақша қаражаты оның банктік карт-шоттарына аударылған. Бұл мемлекетке 10,3 млн. теңге мөлшерінде залал келтіруге әкеп соқты - деді СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жарқын Ғалымова.

Бұл істе бас есепшінің қылмыстық ниетін жүзеге асыруына оның басшысы А. Б. Сембаев немқұрайлы қараған. Ол «электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарына қарамастан қарамағындағы адамға өзінің жеке ЭЦҚ-сын берген.

—  25 наурызда Әсемгүл Сәрсембаева тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Осыған байланысты оған пробациялық бақылау орнатылып, қаржы қызметіне байланысты лауазымды қызметте, жергілікті өзін - өзі басқару органдарында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан 5 жылғы айыра отырып, 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы А. Б. Сембаев қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары да жазаға тартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар