ҰБТ: Қабатовтың қызына байланысты полиция мәлімдеме жасады

cover

Нұр-Сұлтан полиция бөлімі ҰБТ тапсыру кезінде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа адамның қатысқанына байланысты түсініктеме берді.  

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, оқиға 13 маусымда болған. ҰБТ кезінде қызметкерлер жалған куәлігі бар оқушыларды анықтаған.

– Тергеу барысында жалған куәлік жасаумен айналысқан 22 жастағы күдікті анықталды. Бұл фактіге байланысты ҚР ҚК 1 бөлігінің 385 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда, - деді полиция департаменті sputnik.kz тілшісіне берген жауабында.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың қызы ҰБТ-ға қатыспағаны туралы хабарланған еді. Оның орнына басқа адам тапсырған. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан Facebook-те жазды.

Адвокаттың айтуынша, Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-ны грантта оқыған жоғары оқу орнының екінші курс студенті тапсырған.

Осыдан 2 ай уақыт бұрын Дидар Смағұлов жазба жариялаған еді.

– ҰБТ 2021-ге  +1 қылмыстық іс: ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 2-бөлімі (Жалған құжаттарды қолдан жасау) бойынша.

ҰБТ-ға кіргізу барысында 4 түлектің орнына (оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері) 4 студент кіруге тырысты, - деп жазды ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар