Болгарияда алғаш рет әйел адам президент атанды
Болгарлық БАҚ көздерінен
61 жастағы Илияна Йотова Болгариядағы президенттік институттың 33 жылдық тарихында елдің алтыншы басшысы атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейінгі президент Румен Радев Болгарияны терең саяси дағдарыстан шығаруға ықпал еткісі келетінін мәлімдеп, 19 қаңтарда отставкаға кеткенін жариялаған. 23 қаңтардағы Конституциялық соттың шешіміне және Конституция нормаларына сәйкес, вице-президент президенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін мемлекет басшысы қызметіне кіріседі.
Осылайша, Болгария тарихында алғаш рет әйел президент келіп әрі Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшылығына ие болды, деп хабарлайды Болгарияның ұлттық радиосы.
Жаңа қызметінде Илияна Йотова парламенттік партиялармен консультациялар өткізгеннен кейін сайлау күнін белгілейтін болады.
«Бұл сайлау соңғы бес жылдағы сегізінші сайлау болмақ. Бұған парламенттік күштердің жаңа үкімет құрай алмауы себеп болып отыр» деп жазылған жарияланымда.
Соңғы тоғыз жыл ішінде оның қызметіндегі негізгі басымдықтар шетелдегі болгар қауымдастықтарын қолдау, жексенбілік мектептерді сақтау және болгар тілін оқыту мәселелері болды.
Айта ктетерлігі, Йотова саясатқа «жаңадан келген» адам емес. Ол 2007-2017 жылдары Еуропа Парламентінің депутаты болып жұмыс істеді, терроризмге қарсы күрес, көші-қон саясаты және Болгарияның Шенгенге қосылуы бағыттарында өзін белсенді көрсетті. Содан кейін, вице-президент ретінде, шетелдегі болгарларға, тіл мен мәдени байланыстарға ерекше көңіл бөлген.
Ең қызығы - қазіргі жағдайда Йотова үшін басты «саясат ойыны»: партиялар арасында келісім ахуалын жасау және сайлауға дейінгі кезеңді барынша тыныш өткізу. Басқаша айтқанда, саясатта «плей-офф» басталды, сонымен қатар бұл жолғы тізгінді ұстап тұрған әйел адам.
Еске салсақ, былтырғы наурыз айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария басшысы Румен Радевті ұлттық мереке – Азаттық күнімен құттықтаған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Ата заңға Халық Кеңесіне арналған жеке бөлім енгізу ұсынылды
- Ұлттық банк төрағасы: «Бәйтерек» несиелерінен инфляция өршімейді
- Эльвира Азимова: Конституциялық комиссия алдында айрықша миссия тұр
Жаңалықтар
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді
- Бұрын сотталған Асқар Жұмабек түсірілімде әріптесіне қол көтермек болған
- Әсет Матаев төбелескендерді ажыратпақ болып, соққыға жығылды — адвокат
- Тоқаев Алматы әкіміне жаңа жобаларды жетілдіру міндетін қойды