Блогер «кісі зорлады» деген күдікпен ұсталды

cover Фото: Қостанай облысының ПД

35 жастағы ер адамды полиция кісі зорлады және жыныстық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Жәбірленушілер блогерден қарызға ақша алған және қарызын қайтара алмаған кезде ол жыныстық қарым-қатынас талап еткен. Қарызын бұндай жолмен өтеуге қарсы болғандарды, зорлаған. 

«35 жастағы ер адамды кісі зорлады және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полиция ұстады», деп мәлімдеді полиция.

Қостанай облысының полиция департаменті жәбірленушілер арасында кәмелетке толмағандар жоқ екенін хабарлады.

«Орда» тілшісі блогердің туыстарымен сөйлесті. Күдіктінің әпкесі Раушан Әлімбаева қылмыстық істің әділ емес екенін айтады. Ол бауырының кінәсіз екенін және оны аңдып, жала жапқанын мәлімдеді. Блогер көп жылдар бойы мұғалім болып жұмыс істеген.

«Отбасымыз, оқушылары, ұстаздар және бізді қоршаған адамдар бұл айыпқа сенбейді. Ол қоғамда белсенді қызмет атқарып, қаланың өзекті мәселелерін жарыққа шығарды. Бүкіл Арқалық оны жақсы біледі. Біз әділдіктің жеңетініне сенеміз», — деді әйел «Орда» журналисіне.

Раушан Әлімбаева қосымша түсініктеме беруден бас тартты.

Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін сүйіктісін ұрып-соққан актер Шәріп Серік қамауға алынған болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін танымал блогер Ерқанат Думаннан зорлық көрдім деген қыз Тоқаевқа жүгінген. Ақыры Жоғарғы сот Ерқанат Думанды кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар