БҚО-да жол құрылысына бөлінген қаржыны қолды қылған басшылардың тергеуі аяқталды
Фото: freepik.com
БҚО-да автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚМА мәліметінше, 2023 жылғы наурызда «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Сапак» өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңгеге шарт жасалған.
Алайда «Сапак» ӨК директоры «Ак-Би» ЖШС директорымен сөз байласып, бюджет қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдіктілер жұмыс актілеріне жалған мәліметтерді жүйелі түрде енгізіп отырған. Құжаттарда асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырларын жүргізу жұмыстары көрсетілген. Ал іс жүзінде олар орындалмаған.
Мемлекетке келтірілген материалдық залал 56,5 млн теңге болды. Әзірге күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып босатылған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қожамұратова ісінде 392 құжат жарияланып, 298 жәбірленушіден жауап алынды
- Депутат Эпштейн файлындағы қазақтар туралы шындықты талап етті
- Павлодарда вейп дауымен қызметтен кеткен подполковник өзін ақтап алды
- Қазақстанда мұғалімдер енді мектептен тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді
- Алматы тауларында қар көшкіні кезінде студент қаза тапты
- КХДР ядролық күштерін Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы басқарады
- Бейбітшілік кеңесінің ресми сайты іске қосылды
- БҚО-да жол құрылысына бөлінген қаржыны қолды қылған басшылардың тергеуі аяқталды
- Алматыда түні бойы жауған қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жетті
- Менни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасында реванш өтеді
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысы колониядан арыз түсірді
- Бразилияда су тасқыны салдарынан 30 адам қаза тапты
- ҰҚК «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады
- Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды
- Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
- АҚШ Ресейге қатысы бар тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізді
- Алматыда арнайы жасақ танысын пышақтап ізін суытқан күдіктіні ұстады
- Ұлыбритания үкіметі корольдің дауға қалған інісіне қатысты бүкіл құжаттарды жариялайды
- Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды: 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды
- «Өз халқынан именетін мемлекеттің қасіретті халі»: Дуров Ресей билігіне жауап қатты