Бюджеттегі ысырапшылдық: 500 миллиард теңгеге жуық қаржы құрдымға кетті

cover Фото: Ашық дереккөзден

Өткен жылы бюджеттің тиімсіз жұмсалған сомасы 500 миллиардқа жуықтағанын Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Мәжілісте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебі тыңдалды.

«2023 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңге болды», – деп мәлімдеді Дәурен Темірбеков. 

Жартысынан астамы — 585,5 млрд.теңге — мемлекеттік аудит және бақылау нәтижесінде анықталған бюджет жүйесі қағидаттарын бұзуға қатысты. 87 млрд – 2023 жылға бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының қалдықтары. 143 миллиардтан астамы – республикалық бюджеттен бөлінген игерілмеген қаражат, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер.

«Бюджет қаражатын тиімді және толық пайдалану үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру шаралары қабылданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп қосты вице-министр. 

2023 жылы бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызына тең.

«Бюджет тапшылығы ішкі көздерден қаржыландырылды», – деп атап өтті вице-министр. 

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 27,2 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 22,8 пайызы. Оның ішінде мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 20,9 пайызы немесе 24,9 трлн теңге болды.

«Қазіргі уақытта Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген борыш көрсеткіштері қолайлы шектерде. 2024-2028 жылдарға арналған болжам көрсеткендей, бұл жылдардағы мемлекеттік қарыз шектен аспайды және ЖІӨ-нің 25% шегінде, ал мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 21% деңгейінде болады», — деді Дәурен Темірбеков. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар