Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз – Тоқаев

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына барған жұмыс сапарында ресейлік «Россельмаш» компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын «KazRost Engineering Ltd.»  кәсіпорны жұмысымен танысты. Президент  ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

– Компания директоры Қайрат Қалманбаев былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылғанын айтты. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді, - делінген Ақорда сайтында.

Тоқаев компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

– Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 пайызға қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз, – деді Президент.

Сурет: Ақорда

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар