Биылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі
Сурет ашық дереккөзден
2024 жылы Қазақстан кәсіпкерлік белсенділік белгілері бар мобильді аударымдарды жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңінде тексереді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдемесінше, кейбір қазақстандықтар кәсіпкерлік қызметтен жеке тұлғалардың шоттарына түскен мобильді ақша аударымдары мен кәсіпкерлік қызметтен түскен кірісті жосықсыз жасырады екен. Яғни, төлем қабылдағаны туралы түбіртек бермей, кәсіпкерлікпен айналысады.
Осыған байланысты Қазақстанда азаматтардың алған мобильді аударымдарын кезең-кезеңімен тексеру басталды. Оған кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс белгілері бар операциялар ғана жатады.
Заңға сәйкес, бұған бір жеке тұлғаның қатарынан үш ай ішінде жүз және одан да көп әр түрлі тұлғалардың банк шотынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған ақшалай қаражат алуы жатады.
Олар қалай анықталады
Ал енді мемлекеттік органдарға кімнің деректері беріледі деген сұраққа тоқталсақ:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар тұлғалар туралы мәліметтерді береді.
Бұл ретте олар жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) жібереді, оған жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келетін тұлғалар ғана жатады, яғни үш ай қатарынан әртүрлі жіберушілерден жүз және одан да көп ұялы аударымдар алған азаматтар.
Жалпыға бірдей декларациялауға қатысы
Ақпарат жалпыға бірдей декларациялау кезеңдеріне сәйкес беріледі. Яғни, 2023 жылы банктер 2022 жылы активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырған мемлекеттік қызметкерлер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына тапсырып қойды.
Ал 2024 жылдан бастап мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайларының тізімдері қалыптасады. Осылайша, алдағы жылы жалпыға бірдей декларацияның бірінші және екінші кезеңдерінің қатысушылары туралы 2023 жылғы ақпарат берілмек.
2025 жылдан бастап оларға жеке кәсіпкерлер (ЖК), заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары, ал 2026 жылдан бастап 2025 жылдан декларация тапсыруға тиісті қалған қазақстандықтар қосылады.
Ақшалай аударымдар қалай тексеріледі
Есепті жыл ішінде кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар аударымдар алған қазақстандықтарға қатысты алдымен бақылау жүргізіледі, оның ішінде жеке тұлғаның:
· салық органдарында есепке тұруы;
· табыс пен мүлікті көрсетпеуі;
· кірісті кемітуі бақыланады.
Тұтастай алғанда, бақылау салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге немесе аударымдар арқылы алынған кірістердің декларацияланбаған сомасын көрсететін қосымша декларация тапсыруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Олар бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге құқылы. Хабарлама орындалмаған жағдайда салықтық тексеру тағайындалады, оның барысында банктерден жеке тұлғаның шоты туралы толық ақпарат сұратылады және бұзушылықтардың бар немесе жоқтығы туралы нақты шешім қабылданады.
Табыстарын жасырғандар қалай жазаланады
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкерлікті тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 15-тен 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтеді. 2024 жылы бұл сома 59 430 теңгеден 396 200 теңгеге дейін жетеді.
Сондай-ақ кірісті жасырғаны үшін - төленбеген соманың 200% мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық қайталанған жағдайда – 300%-ға өседі. Ал чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін (198 100 теңге) айыппұл салынады.
Мемлекеттік кірістер органдары жоғарыдағы өзгерістердің адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанын баса айтты.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп