Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның алименттен қалай жалтаруға тырысқанын айтты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Сотталған экс- министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі алиментке қатысты сот дауы жайында баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Назым Қаһарманның айтуынша, балаларының әкесі ата-ана ретіндегі міндетін орындаудан тағы да жалтаруға әрекет жасап отыр. Бұл жолы ол алимент мөлшерін азайтуды талап етіп, сотқа талап арыз берген. Бишімбаев тарапынан келтірілген уәж — ажырасу кезінде жасалған алименттік келісім бойынша төлеуге «мүмкіндігі жоқ» екені.
«Алименттік келісім — ең мықты заңдық құралдардың бірі. Оны жай ғана жоққа шығару немесе “орындаудан бас тарту” мүмкін емес. Ол тек балаларды ғана емес, анасы мен әкесін де қорғайды», — деді Назым.
Оның айтуынша, оның адвокаттары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың қаржылық тұрғыда алимент төлеуге қауқарлы екенін дәлелдеген.
«Менің адвокаттарым Қуандықтың әлі кемінде 15 жыл бойы алимент төлей алатынын құжат жүзінде дәлелдеді. 15 жыл, елестетіп көріңізші?» — деді ол.
Назымның сөзінше, сотқа дейін Бишімбаев бірнеше жылжымайтын мүлік нысанын өзінің кәмелет жасына толған үлкен ұлына рәсімдеп берген. Оның жасы «жақында 26-ға толады». Мұндағы мақсат — кәмелетке толмаған балаларға алимент төлемеу.
Назым соттың алимент мөлшерін азайту туралы талапты қанағаттандырмағанын және Бишімбаевты алименттік келісім шарттарын орындауға міндеттегенін айтты.
«Егер Қуандық өз-өзін құрдымға кетіріп, сандырақ істермен айналыспағанда, қазір, бәлкім, әлдеқандай мультимиллионер болар еді. Тіпті миллиардер де болуы мүмкін еді. Ондай жағдайда бұл келісім оны қорғар еді — мен одан артық талап ете алмас едім», — деді ол.
Айта кетейік, Бишімбаев бұған дейін де алимент мөлшерін азайтуға тырысқан. Алайда ол кезде де мақсатына жете алмаған.
Жаңалықтар
- Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты
- Масуд Пезешкиан Иран халқына үндеу жолдады
- Иран соғысы: Ормуз бұғазы маңында 150 кеме кептеліп тұр
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмауға шақырды
- Иранның Тель-Авивке жасаған жауапты зымырандық шабуылынан 2 адам қаза тауып, 27 адам жараланды
- Контрафактілік тауар: 17,1 тоннадан астам өнім айналымнан алынып, 29,9 млн теңгенің айыппұлы салынды
- Аятолла Әлиреза Арафи Иранда жаңа Жоғарғы көшбасшы сайланғанға дейін елді уақытша басқаруы мүмкін
- Пәкістандағы Хеменеи жақтастары БҰҰ ғимаратын өртеп, АҚШ консулдығына шабуыл жасады, қаза тапқандар бар
- Шымкентте студенттер «бал қосып беретін» алаяқтардың торына түсті
- Абай облысында екі ер адам «Газельде» түнеп, иіс тиіп көз жұмды
- Иран жаңа Жоғарғы көшбасшы сайлау туралы мәлімдеме жасады
- Иран Әли Хаменеидің отбасы мүшелерінің қаза тапқанын растады
- Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар 148 адамға жетті, 107 адам жарақат алған
- Ирандағы елшілік Қазақстан азаматтарын дайын болуға үндеді
- Тоқаев өңірдегі шиеленіске қатысты Парсы шығанағы елдері көшбасшыларына жолдау арнады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
- Иран Жоғарғы көшбасшысының қаза тапқанын растады
- Тоқаев конькимен жүгіруші Кристина Шумекованы әлемнің абсолютті чемпионы атануымен құттықтады
- Air Astana 4 наурызға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық тұрақты рейстерін тоқтатты
- 1 наурызда Астанада мен 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды