Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады

cover Фото: Pixabay

Израильдік басылымның хабарлауынша, БАӘ Иранға алғашқы соққысын жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Ирандағы су тұщытатын зауытқа шабуыл жасады.

«Соққы Иранның су тұшыту кешеніне жасалды және Израильдің бағалауы бойынша, бұл әзірге режимге сигнал ғана және егер Иран шабуылдары күшейсе, онда БАӘ-нің шектеулі көлемде болса да науқанға қосылуының нақты ықтималдығы бар», деп жазды Ynet басылымы. 

Бұған дейін Тегеран өз кезегінде Вашингтонды азаматтық инфрақұрылымға соққы жасады деп айыптады. Елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи су тұщыту қондырғысына шабуыл жасалғанын, сондықтан ондаған елді мекен тұщы судан айырылғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар