Бір Қорғас және үш әкенің ұлы: Назарбаевтың жиені әулеттің көлеңкесіне қалай тығылып жүр?
Коллаж: Orda.kz
Бұған дейін жазған мақаламызда біз Нұрсайын Есполовтың Назарбаевтар әулетінің қатарына «қосылуға» тырысқаны жайлы болжам жасаған едік. Алайда бұл тұжырым қате болыпты. Нұрсайын ешқашан өзге отбасының қатарына қосылуға тырыспаған екен. Ол елдегі ең бәсі жоғары болған текті алып жүруге толық заңды құқығы бар адам болып шықты. Себебі оның анасы — Гүлмира Назарбаева (сонымен қатар Әбішева, кейде Байзақова деп те аталған), Болат Назарбаевтың қызы, бұрынғы судья және табысты кәсіпкер. Осылайша, анасы жағынан ол Елбасы әулетінің жиені екен. Назарбаевтар әулетінің елден тасада қалған, көп айтыла бермейтін деректері туралы Orda.kz тілшісі саралайды.
Болат Назарбаевтың жиен немересі әрі Айдос Есполовтың өгей ұлы
Болат Назарбаевтың қызы бір баласымен Айдос Есполовқа тұрмысқа шыққан. Сол кезде баласы Нұрсайын «Есполов» деген тегін алған болуы мүмкін. Қазір олар ажырасып кеткен. Айдос — Гүлмира Назарбаеваның бұрынғы күйеуі. Әзірге оның бұрынғы күйеуі жайлы қолда бар дерегіміз осы.
Бір қызығы, академик Тілектес Есполовтың Назарбаевтар әулетімен екі байланысы бар болып шықты. Қызы Әсел Исабаеваны ұзатып, келін етіп Гүлмира Әбішеваны алған ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және марқұм Болат Назарбаевпен тығыз байланыс орнатқан.
2023 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» деген автобиографиялық кітабы жарық көрді. Экс-президент осы кітапта 1999 жылғы «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпазы Әсел Исабаевадан ресми некесіз екі ұлының бар екенін мойындады.
2025 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президенттердің және олардың отбасыларының денсаулығы мен жеке өміріне қатысты ақпаратты мемлекеттік құпияға жатқызатын заңға өзгерістер енгізді. Бұл жайлы толығырақ материалымыздан оқи аласыз.
Ал Гүлмира Назарбаева мен Айдос Есполовтың ортақ ұлы бар. Оның есімі — Нұрболат Есполов бар. Біз ол жайлы алдыңғы мақалада да сөз қозғағанбыз. Дәл осы Нұрболат арқылы біз туыстық байланысты анықтап отырмыз.
Қазір Нұрсайын мен Нұрболаттың басқа өгей әкесі бар. Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира тағы бір рет тұрмысқа шығып үшінші баласын дүниеге әкелді. Оның қазіргі күйеуі Алпамыс Байзақов Гүлмирадан шамамен 17 жас кіші, әрі Нұрсайыннан сәл үлкендеу жас жігіт. Telegram-арна «Выход к морю» хабарлауынша, Байзақов микрокредитке әуес әрі 1,5 миллион теңге берешегі бар. Сондай-ақ ол салық төлеуде де басын ала қашқан. Алпамыс Байзақовтың 59 мың теңге көлемінде қарызы бар екені анықталды.

Гүлмира Назарбаева мен Алпамыс Байзақов 2021 жылы заңды некеге тұрған. 2022 жылы олардың ортақ баласы дүниеге келген. Ұл бала болуы мүмкін. Жас әке әрі асыл жар қазір жеке кәсібімен айналысып жүр. «JarJar GB» деп аталатын мейрамхана ашқан. Бұл атауда сүйіктісінің есіміндегі әріптерді қолданған. Айта кету керек, бұрын да Гүлмира Болатқызына тиесілі компаниялар да оның есімінің бас әріптерін пайдаланған еді. Демек, бұл кәсіпті ашуға да оның ықпалы тигені анық.
Қазіргі таңда мейрамхана атауы «Lemon» деп өзгертілген. Шығыс асханасына тағамдарын сататын көрінеді. Бұл мекеме Алматы облысы, Қаскелең қаласында тіркелген. Бұл — Назарбаевтар әулетінің «ұясы» саналатын жер.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі — жылжымайтын мүлікті жалға беру және оны басқару деп көрсетілген. Orda.kz тілшілері жақын күндері аталған мейрамханаға барып, ас мәзірінің сапасын бағамдамақ.
Сонымен қатар, 2017 жылы Байзақов Алматы қалалық ІІД-де жедел уәкіл болып жұмыс істеген болуы мүмкін. Оның аты Ринат Исағалиевке «Қадыр Қасиет» қоғамдық бірлестігінің қызметкеріне сотқа шақыртуында тұр.
Бұған қоса, ол бұрын көлік жүргізіп, біраз қиындықтарға тап болған. Сол үшін ол екі рет сотқа тартылған. 2020 жылы ол ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жол жүру ережесін бұзу арқылы адамның денсаулығына зиян келтіріп, көлікке немесе өзге де мүлікке зақым келтірген. Сол кезде сот оған әкімшілік жаза қолданған.

2021 жылы ол тағы да сотқа тартылды. Бұл жолы ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша, яғни көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзуға байланысты. Екі іс те Алматы қаласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған.
Айтпақшы, 23 шілдеде Гүлмира Болатқызы мерейтойын атап өтті. «Президентке хат» Telegram-арнасының хабарлауынша, бұл жиынға әнші Шамхан Далдаев, Алматы қаласы Алатау ауданының полиция басқармасына қарасты бөлім бастығының орынбасары Әсет Көпешбаев және оның әріптесі Самат Берістемов, алматылық судья Саида Болат, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының жары және өзге де танымал тұлғалар қатысқан.
Тағдырдың жазуы ма? Кім білсін... Нұрсайынның да, оның анасының да отбасылық өмірде аса жолы бола қоймаған. 2021 жылдың көктемінде Нұрсайын жұбайы Дана Назарбаевамен ажырасқан. Некені бұзу процесі небәрі бір айдай ғана болған. Бұл ретте ортақ мүлік пен екі қыз бала (2016 және 2017 жылдары туған) болғанына қарамастан, сот процесті өте жылдам жүргізген.
Судья Роллан Дүйсенбиев жас отбасыға татуласуға қосымша уақыт қажет емес деп шешкендей әсер қалдырды. Бұл жайт жұбайлардың арасында қандай дау болғанын меңзейді?
Нұрсайынның бұрынғы жарына қатысты дереутерді оның ағасы Ерік Диас арқылы таптық. Ол кезінде күйеу баласы Нұрсайынмен бірге жұмыс істеген, бұл туралы біз алдыңғы мақалада жазғанбыз. Ағасы Диас пен Нұрсайынның жары Дана — марқұм кәсіпкер Ерік Қайырбековтың балалары. Тараз бен Алматы облысының тұрғындары оны жақсы таниды. Өйткені оның «НПТЦ SNS GROUP» ЖШС-і бұл өңірлерде тұрғын үйлер салумен айналысқан.

2011 жылы ол қайтыс болып, құрылыс бизнесі бұрынғы жұбайы мен балаларына мұра боп қалған. Қазір олар Шаяхмет деген фамилиямен жүр. Мұрамен бірге марқұмның қарыздары да отбасының мойнына өткен, кейін олар осы мәселелермен айналысқан.
Қорғас, соттар және Noorway
Назарбаевтарға қарасты кәсіпорындары жиі түрлі даулы жағдайларға тап болады. Нұрболат пен Нұрсайын бірлесе басқарған Noorway компаниясы да соның кебін киді. Бұрын біз бұл компанияны сырттай атап өткен едік. Енді оған толығырақ тоқталған жөн.
Бұл компания 2020 жылы Алматыда тіркелген. Құжат бойынша, ол азық-түлік өнімдерінің көтерме саудасымен айналысады. Алайда салық декларацияларына сүйенсек, бұл фирма Қытайдан жаппай тауарлар сатып алып, оларды Қорғасқа арқылы Қазақстанға кіргізіп отырған. Компания үшін ең табысты жыл — 2020 жыл болған.
Жалпы, Назарбаевтар әулетінің кейбір мүшелері Қорғасқа ерекше қызығушылық танытқан. Болат Назарбаевтың өзі де бұл аймақта ірі бизнес иесі болған. 2022 жылы белгілі болғандай, 2019-2021 жылдар аралығында Қытайдан тауар әкелумен айналысқан бірнеше компания кедендік декларацияда тауар құнын әдейі төмендетіп көрсетіп, салық пен баж салығын азайтуға тырысқан. Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, нарық іс жүзінде монополияға ұшыраған. Әр компания белгілі бір өнім түріне (аяқ киім, техника, жеміс-жидек) және елдің белгілі бір аймағына жауапты болған. Бұл жағдай бақылаушы органның пікірінше, ұйымдасқан контрабандалық схеманың болғанын айғақтайды.
Бұл іске қатысы бар компаниялар қатарында бұрынғы президенттің қарындасы Әнипа Назарбаевамен байланысы бар TDA Group та аталған. Компания директоры Әли Қылышпаев тұтқындалып, оған контрабанда мен құжаттарды қолдан жасаған деген айып тағылған. Мемлекетке келтірілген залал 287 миллион теңге деп бағаланған.
Сонымен қатар, бұл істе Tex Alliance, Almobi Group, Express Кеден Сервис, Global Logistics Ved, Ai-To Progress және TL NIKA кеден сынды компаниялар да аталған. Олардың біразы Болат Назарбаевтың айналасындағы тұлғалармен байланысты болған. Көптеген компаниялар беймәлім адамдардың атына тіркелген. Мәселен, Ai-To Progress секілді кейбір фирмалар тез арада тіркеуден алынып тасталған.
Нұрсайын да осы экономикалық аймақта жұмыс істеген. Алайда оның компаниясына қатысты ешқандай ресми айып тағылған жоқ. Бүгінде Бас прокуратура мен Мемлекеттік кірістер комитеті бұл сұрақтардан бойын аулақ салып, істі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеп отыр. Бас прокуратура бізге тек 2021 жылдан бергі мәліметтерді қамтитын базасына жүгінуге кеңес берді.
Ал 2020 жыл компания үшін ең табысты жыл болған. Сол жылы Noorway салық ретінде 71 404 189 теңге төлеген. Салыстыру үшін қарасақ, 2021 жылдан 2024 жылға дейін компания небәрі 16 миллион теңгеден сәл асатын салық төлеген.

Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда (қазіргі кезде бұл мәліметтер анықталып жатыр), компания Қытайдан тек азық-түлік емес, әртүрлі тұрмыстық тауарларды — күректер, аралар, бұрауыштар секілді бұйымдарды да әкелген. Кейбір әкелген заттардың құны құжат бойынша 60 мың доллардан асқан. Бұл саудалардың барлығы заң аясында жүргізілген бе? Оны алдағы уақытта анықтаймыз.
2021 жылы компания дау тудырған сот ісіне таратылды. Айта кетерлігі, бұл жолы анасының беделі мен лауазымы Нұрсайынға көмектесе алмады. Сол кезде Тілектес деген тегімен жүрген Нұрсайын Noorway компаниясындағы 100% үлесін Михаил Сущих есімді азаматқа сатқан. Келісім нотариус арқылы рәсімделіп, «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жаңа иесі мен директорын тіркеген.
Алайда кейіннен Сущих өзінің бұл компанияға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Сотта ол ешқандай құжатқа қол қоймағанын, компанияны басқармағанын, тіпті оның бар екенін де білмегенін айтқан. Компанияның жаңа директоры деп көрсетілген тұлға да дәл осылай жауап берген.
Бұдан бөлек, салық органдары Noorway компаниясы тіркелген мекенжайда жоқ екенін және нақты ешқандай қызмет жүргізбейтінін анықтаған.
Нәтижесінде, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа жүгініп, бұл келісімді жалған деп тануды және тіркеуді жоюды талап еткен. Себебі іс бойынша барлық дерек сатудың жай ғана көзбояушылық болғанын көрсеткен.
2024 жылдың сәуірінде сот салық органдарының талап-арызын толық қанағаттандырды. Мәмілені жарамсыз деп танып, қайта тіркеуді жоққа шығарды. Кейін Нұрсайын бұл шешімге қарсы апелляциялық шағым бергенімен, 25 маусымда Алматы қалалық соты алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, шешім заңды күшіне енді.
1991 жылы билікке келіп, 30 жылға жуық Қазақстанның президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевқа мүсіндер тұрғызылды, көшелерге ат берілді, тіпті еліміздің Астанасын оның атымен Нұр-Сұлтан деп атады. Иә, әуелде ел оны төбесіне көтерді. Дегенмен бұл — таяқтың бір ұшы. Екінші ұшында оның билігін қатаң сынап, «қандықол диктаторға» теңеп, «сөз бостандығын шектеді» деп айыптағандар болды. Оның жеке басына табыну мен жағымпаздық қалай басталды? Шыңға шығарып, бір-ақ сәтте ел оны шыңырауға қалай әкелді? Orda.kz тұңғыш президенттің туған күні әрі Астана күні болған 6 шілдеде 30 жылда Назарбаев қалыптастырған жүйенің қазіргі қоғамға әсері жайлы саралап көрді.
Orda.kz алдағы уақытта да Назарбаев әулетінің елге беймәлім деректері мен олардың айналасындағы тұлғалар туралы ақпарат зерттеуді жалғастырады.
Автор: Артем Волков
Жаңалықтар
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді