Бір емес екі оқ тиген Руслан Берденовке шабуылға дейін қоқан-лоққы көрсеткен
Фото: Мәжіліс
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға дейін оған қоқан-лоққы көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Respublica партиясының тең төрағасы, кәсіпкер Бейбіт Әлібековтың айтуынша, оқиға Шымкенттегі құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекетімен байланысты болуы мүмкін.
«Менің ойымша, бұл шабуыл құрылыс саласындағы тәртіп орнатуға қатысты. Бұны букмекерлік кеңселермен байланыстыру қисынсыз көрінеді. Бүгін ғана осы тақырыпта өткір жиналыс өтті. Маған Русланға бұған дейін қоқан-лоққы жасалғаны айтылды» деп жазды Әлібеков.
Сонымен қатар, түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, «Сайга-12» аңшы мылтығымен бес рет оқ атқан күдікті бұл әрекетін жеке реніші ретінде түсіндірген. Бейресми деректерге қарағанда, ол шенеунікті әйелімен әдепсіз қарым-қатынас жасады деп есептеген.
Еске салсақ, Шымкентте қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол операция үстінде жатыр.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан