Бибісара Асаубаева — Қазақстанның жаңа гроссмейстері

cover Фото: Time.kz

Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Бибісара Асаубаева 64 гроссмейстер бақ сынаған жарыста үздік 30 ойыншының қатарына кіріп, әйелдер арасында ең жоғары нәтиже көрсетті. Ол әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.

ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында бұл нәтиже ресми түрде бекітілсе, Бибісара Асаубаева Қазақстандағы екінші әйел гроссмейстер атанады. Біріншісі — Жансая Әбдімәлік.

Еске сала кетейік, Астанада Кенесары ханның ескерткішін қайта орнатты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар