Бес жасар бала көлікпен қалың жұртты қағып өтті

cover Фото: Envato

Grand Palace мейрамханасының жанында тұрақта тұрған көлікте отырған бес жасар бала абайсызда қол тежегішті босатқан. Көлік жолдан шығып, адамдарды қағып кеткен.

«ЖКО фактісі полицияда тіркелді. Түрлі жарақат алған төрт жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды» деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам зардап шеккен. Үш әйелдің іші көгеріп, амбулаторлық емделуде. Төрт қабырғасы сынған және ішкі ағзалары көгерген бір ер адам травматология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендер арасында басынан жарақат алған бала бар, ол да ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар