Берденовтің бұрынғы көмекшісі: Парламентті заң шығарушы орган деп қалай айтуға болады?
Фото: gov.kz
Экс-депутат Руслан Берденовтің бұрынғы көмекшісі Асхат Қыстаубаев заң жобаларының көпшілігін парламенттің қатысуынсыз заң шығару жұмыстары жоспарын дербес қалыптастырып, үкімет өзі әзірлейтінін мәлімдеді, деп хабарлады PRESS.KZ.
«Көбіне көп заңдарға үкімет бастамашы болады. Олар заң жобалау жұмыстары жоспарын жасайды. Парламент бұған қатыспайды. Заң жобалау жұмыстарының бұл жоспарын үкімет келіседі, бекітеді. Оған әрбір министрлік өз жоспарлары мен ұсыныстарын енгізеді. Егер заң жобасы жаңа болса, онда оған тұжырымдама жазылады. Одан кейін мемлекеттік органдар арасында келісу жүргізіледі. Содан кейін бәрі әділет министрлігіне, одан әрі - үкіметке кетеді. Ал үкімет құжатты мәжіліске енгізеді. Міне, олар өзгерістер енгізгісі келеді, бірақ бұл кестеде, заң жобалары жоспарында жоқ. Министрлік депутатқа ұсыныс жасайды. Сіздер арқылы біз осы заң жобасына бастамашы болайық, мұны сіздер ұсынғандай көрсетейік деп, ал министрлік депутаттың орнына сол сұраққа қатысты барлық жұмысты атқарады. Ал адамдар оны ақылды депутат деп ойлауы мүмкін. Мысалы, жасанды интеллект туралы заңды мемлекеттік органдар жасады. Ойын бизнесі жөніндегі заң да бар, оның бәрін ұсынған қаржы министрлігі», - деді Қыстаубаев.
Ол сондай-ақ, егер депутаттар белгілі бір түзетулермен келіспесе, оларды алдын ала үкіметпен келісу қажет екенін де айтып берді.
«Егер депутаттар қандай да бір түзетулермен келіспесе, онда оларды үкіметте келісу керек, ал министрлер кабинеті көбінесе депутаттық түзетулер бойынша теріс қорытынды береді. Осыдан кейін парламент - биліктің заң шығарушы органы деп қалай айтуға болады?», - деп қорытындылады экс-көмекші.
Осы материал жарияланған соң Orda.kz редакциясы «Республика» партиясына:
«Жуырда БАҚ беттерінде депутат Берденовтің бұрынғы көмекшісінің сұхбаты жарияланды. Ол — сіздің фракцияңыздың депутаты. Сіз бұл мәлімдемеге қалай жауап берер едіңіз, оның айтқаны қаншалықты шындыққа жанасады?» деген сауал жолдаған болатын.
«Республика» партиясының депутаты Олжас Құсбековтен төмендегідей жауап келді. Біз жауапты қаз-қалпында жариялағанды жөн көрдік.
«Берденовтің бұрынғы көмекшісінің сөздері, әрине, біздің фракцияға әсер етті. Мен оның айтқандарымен мүлдем келіспеймін. Бұл сол адамның жеке қорытындылары, жорамалдары, шындыққа еш қатысы жоқ.
Ол — депутат емес, біздің жұмысымыздың ерекшелігін білмейді, әрі барлық депутаттардың атынан сөйлеуге құқы жоқ.
Мәжіліс ашық жұмыс істейді. Ешкім ешкімнің аузын жаппайды, ешкімді қолынан ұстап отырмайды. Сіздер мұның бәрін өз көздеріңізбен көріп жүрсіздер.
Көмекшілер депутаттық сауал дайындамайды, заң шығару жұмысына қатыспайды, жұмыс топтарына бармайды. Олар депутаттың күнтізбесін ұйымдастырып, хат-хабармен айналысады. Сондықтан негізгі жұмыс депутаттардың өз мойнында».
Сәуір айында депутат неке бұзу үшін төленетін мемлекеттік баж салығын 20 есе көтеруді ұсынды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?