Жанармай бағасы күрт өсті, ең арзаны қай жерде?

cover

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасына бақылау жасады. Бүгін оның қорытындысы шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Мониторинг АИ-92 маркалы бензинге жасалды. 18 маусымда жанармай бағасы төмендегідей болған.

  • Нұр-Сұлтанда   - 169/175 теңге/литр;
  • Шымкент - 168/170 теңге/литр;
  • Алматы -169/170 теңге/литр;
  • Ақмола облысы - 173/175 теңге/литр;
  • Алматы облысы – 170 теңге/литр;
  • Маңғыстау облысы – 170/172 теңге/литр;
  • Атырау облысы - 165/170 теңге/литр;
  • Батыс Қазақстан облысы - 166/170 теңге/литр;
  • Қызылорда облысы - 168/170 теңге/литр;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 173/175 теңге/литр;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 172/175 теңге/литр;
  • Павлодар облысы - 170/173 теңге/литр;
  • Қостанай облысы - 173/175 теңге/литр;
  • Түркістан облысы - 168/170 теңге/литр;
  • Қарағанды облысы - 170/172 теңге/литр;
  • Ақтөбе облысы - 163/168 теңге/литр;
  • Жамбыл облысы - 169/171 теңге/литр.

Еске салсақ, жанармай бағасының күрт өсуі сәуірде тіркелген. Тұтынушылардың айтуынша, баға өсіп қана қоймай, өнімнің өзі де тапшы болған.

Энергетика министрлігі «бағаны реттеу мен «арзандатылған» мұнай өнімдерін тарату жүйесін құру тиімді емес, керісінше, шығыны көп әдіс» дейді.

Ал сала мамандары қорда елге жеткілікті болғандықтан, бензин тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр.

2021 жылы қор көлемі шамамен 60 мың тоннаға артып, 270 мың тоннаға жетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар