Қазақстаннан Қырғыстанға жанармай өткізбек болғандар ұсталды

cover Фото: 24kz

Қазақстандық бензинді Қырғызстанға өткізбек болғандар ұсталды.

Телеарнаның мәліметінше, Жамбыл облысында «Айша бибі» бақылау-өткізу бекетінде жанармайды заңсыз әкетуге әрекет жасалды. Шекарашылар күдікті жүктері бар көліктерді ұстаған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Еріткіш орнына бензин алып өтпекші болғандардың заңсыз іс-әрекеті орталық кеден зертханасында дәлелденді.

– Орталық кеден зертханасында жүргізілген зерттеулер тауарлардың құжаттарға сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Көрсетілген «еріткіштің» орнына АИ-80 маркалы бензинді шетелге шығаруға тырысқандары анықталды, - делінген хабарламада.

Заң бұзушылар көрші республикаға жалпы құны жеті миллион теңге тұратын 55 тонна жанармай өткізгісі келген. Бензин «жіберушінің» Таразда тіркелгені, ал тауарды көрші елдің жеке кәсіпкері алуы керек екендігі атап өтілген.

Аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар