Белгілі әнші Мұқасан «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжанды көгала қойдай етіп сабап тастады
Фото: Ютуб арнасынан
Бейнедегі сөзі бойынша Жан Ахмадиевке «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжан хабарласқан. Ол осы топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін айтып, шағынған. Оның айтуына қарағанда, Мұқасан бірнеше адаммен қосылып алып, оны аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Orda.kz.
Салдарынан Ғалымжан түрлі дене жарақатын алып, тіпті мұрны мен қолы сынған. Қазір ол Шахзадаев жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдап отыр екен.
Бейненің басында Ғалымжан өзінің сау тамтығы жоқ бет-әлпетін көрсетіп: «бастың бәрі ісіп кеткен» дейді.
Одан кейін бейнеге шыққан Жан Ахмадиев:
«Дәл қазір сағат 7.30 болды. Біз №12 ауруханада тұрмыз. Менің қасымда «Нұрмұқасан» тобының жаңа әншісі – Ғалымжан бауырымыз тұр. Ғалымжанның пайымдауынша осы айдың жиырмасы күні «Нұрмұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан мырза, өздеріңіз көріп тұрғандай, оны аямай сабаған», - дейді.
Болған оқиғаны айтып тұрып, Жанның неге «пайымдауынша» деген сөз қолданғанын түсінбедік.
Ол Ғалымжаннан оқиғаны баяндап беруді сұрағанда:
«Маған Мұқасан хабарласып, «Біздің әнімізді рұқсатсыз пайдаланып жатқандарың үшін сендерді сотқа бердім. Бүгін кел!» деді. Мен кино түсіріп жатқандықтан «Уақыт беріңіз, арасында уақыт тауып барамын» дедім. Мән -жайды түсіндіріп айттым, түсінді. «Нұрлан келіссе, мен де келісемін» деді. Бірақ, ертесіне қайтадан «маскасын» киіп алып, жанындағы «күшіктерімен» қосылып, өзі бастап, жабылып ұрды», - деп баяндап берді.
Ғалымжанның сөзіне сенсек, оны Мұқасан «сөйлесу үшін» шақырып алған. Бірақ әңгімелері жараспаған соң кетіп қалмақшы болған.
«Сау болыңыз, ертең сөйлесейік, деп қақпасынан шығып бара жатқанда өзі бастап ұрды, артынша «көмекшілері» жабылды»,- дейді Ғалымжан.
Төбелес соңы полиция шақырумен аяқталған.
«Мұқасан жанындағы екі жігітпен сізді ұрып, тепкіледі. Иә, Мұқасан ол кезде мас болған», - деп нақтылай түседі Ахмадиев.
Бұл сұраққа Ғалымжан «иә» деп жауап берді.
«Сонымен 102 шақырдыңыздар, ал қазіргі таңда Мұқасын СИЗО-да жоқ. Неге?», - деп сұрайды Ахмадиев.
Ғалымжан болса, Мұқасанның өз қақпасынан қол бұлғап шығарып салғанын айтады.
«Иә, полиция келді. Ол қақпасының алдынан қол бұлғап шығарып салды. 102 оны емес, керісінше мені алып кетті», - деп жауап берді әнші.
Сонымен қатар Жан Ахмадиев таяққа жығылған Ғалымжан Мұқасаннның халық алдындағы беделін, таныстығын пайдаланып бұл іске жуап бермей, құтылып кете ме деген күдігі басым екенін жеткізді.
«Бұл іске белгілі заңгер Инга Иманбай қосылады, Ғалымжанның құқығын қорғайды. Біз әділдік үшін күресеміз», - деп сөзін аяқтады Ахмадиев.
Дегенмен бейне астында жазба қалдырған оқырмандар шетел жұлдыздары арасындағы толастамайтын дау-жанжал мен төбелес біздің айрандай ұйыған қоғамға да жетті ма, деген алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр.
Бұған дейін бірнеше республикалық және халықаралық терме-ән байқауларының лауреаты, әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында көрген қысымы туралы айтқан еді.
Сонымен қатар соңғы кезде көпшіліктің тілегі ескеріліп, халық қаламаған әншісін қазақ сахнасына жолатпайтын болған. Соның бірі Қазақстандағы даудан кейін ресейлік әнші Акмаль (Akmal) Ресей әскерилерін қолдайтынын айтып, оларға амандық пен саулық тіледі.
Айтпақшы, жыл басында «Анашым» әніне қатысты дау туып, композитор Марат Омаров Луинаны авторлық құқықты бұзды деп айыптаған болатын.
Иә, сондай-ақ, Кенесары хан үшін кешірім сұраған қырғыз әншісі өз елінде сынға ұшырады.
Ұмытыла бастаған шулы тақырыптың бірі еске түсті. «Эй, йоу, орыстар» атты рэп соңғы жылдары TikTok пен instagram-да танымал болды, алайда құқық қорғау органдары дәл осы рэп үшін QazNews24 сатиралық паблигінің жеткшісі Темірлан Еңсебекті жауапқа тартты.
Жаңалықтар
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды