«Бейтарап тергеу қажет»: IATA Ақтаудағы әуе апатына қатысты пікір білдірді
Фото: Orda.kz
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATА) Ақтау маңында құлаған әзірбайжандық ұшақ туралы тәуелсіз және ашық тергеу жүргізу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
IATA қайғылы оқиғадан кейін 30 күн ішінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп жариялау керектігін айтты. Сондай-ақ, ол зерттеу Чикаго конвенциясының 13-қосымшасы ережелеріне сәйкес қатаң түрде жүргізілуі керек екенін де мәлімдеді.
«Әуе апатында қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл апаттың неліктен болғанын зерттеп, келесі жолы қайталанбас үшін шара қолдану керек», – деді IATA басшысы Уилли Уолш.
Уилли Уолш авиациялық әскери қимылдар қасақана немесе кездейсоқ жасалуына келесіде жол берілмейтінін де атап өтті.
8243 Azerbaijan Airlines әскери шабуыл құрбаны болды. Ресей мен Әзірбайжаннан бөлек, тағы бірнеше мемлекеттер ашық және бейтарап тергеу жүргізу қажет. Әлем 30 күн ішінде аралық есептің жариялануын асыға күтіп отыр. Бұл қайғылы оқиғаға қақтығыс тараптарының жауапты екені анықталса, кінәлілер жауапқа тартылып, жазалануы керек», – деп қосты Уолш.
Осы міндеттемелерді жүзеге асыру үшін IATA «Қауіпсіз аспан» консультативтік комитетінің жұмысын белсенді түрде қолдайды.
«Бұл жұмыс мемлекеттер мен авиакомпаниялар үшін операторлық тәуекелдерді бағалау және қақтығыс аймақтары бойынша нұсқаулық үшін ақпарат алмасу стандарттарын қамтиды» делінген ақпаратта
Айта кетейік, Ресей әуе апатына қатысты кінәлілерді тауып, міндетті түрде жазалайтынын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды