Бейнеуде адамдардың астан улануына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Улану белгісімен 37 адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Маңғыстау облысы ПД тергеу басқармасы бөлімі аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын (санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу) хабарлады.

«Зардап шеекендерге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан басқа, алынған тамақты тексеру бойынша тағайындалған санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің сараптамасын күтіп отырмыз. Қалған мәліметтер жария етілмейді», – деді Айболат Мырзашев бүгін қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін де Бейнеудегі «Әли-ман» мекемесіне барған 23 адам орталық аудандық ауруханаға жатқызылған еді. 

Олар тамқтану орнына 23 ақпан күні кешке барған. Аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жеткізілген, оның ішінде балалар да, ересектер де бар. Уланғандар арасында жүкті әйел де болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар