Басынан дау арылмаған Бағанашыл балалар үйі: Балаларды қорғаған тәрбиешілерді неге жұмыстан шығармақ?
Фото: Александра Мохирева, Orda.kz
Бағанашылдағы балалар үйінің енді тәрбиешілері өздеріне қысым көрсетілгенін және өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүрлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық балалар үйінің ұжымы заңгер Анна Черноваға бейнежазба жолдады.
Тәрбиешілердің айтуынша, қызметкерлерге қысым көрсетіліп жатыр екен. Мекеме басшылығы қиын жағдайда жетім балаларды қорғаған педагогтардан құтылғысы келіп, оларға: «өздерің арыз жазып жұмыстан шығыңдар» депті.
«Біз кетсек, ертең-ақ балалар өздерін алып кететіндерін сезеді. Қазір бізден өз еркімізбен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуды талап етіп жатыр. Яғни, балаларды қорғаған, көнбейтін қызметкерлерден құтылу мақсатында істеп отыр», – дейді балалар үйінің ұжымы.
Бұған дейін әкімдік жетім балалардың дәл осы балалар үйінде қалатынын растаған. Мекеме Алматы қаласының балансына өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды Қонаевқа көшіру шешімін жеке өзі тоқтатқанын Президент әкімшілігінің хабарламасында да айтылды. Балалар үйі жөндеу үшін жабылғанда тәрбиеленушілердің басқа жерлерге таратылмайтыны да уәде етілген еді.
«Бізді облыстан қала балансына өткізу рәсімімен келіспейміз. Себебі бұл жағдайда ҚР еңбек кодексіндегі конституциялық құқықтар мен педагог мәртебесі туралы заңның барлық талаптары бұзылып отыр. 31 шілдеде ұжыммен жоспардан тыс жиналыс өтті. Бірақ ол туралы алдын ала ескертілмеді. Соның салдарынан барлығымыз қатыса алмадық. Жиналыс заңгердің және кадр бөлімі өкілдерінің қатысуынсыз өтті», – дейді педагогтар.
Бейнежазбада мәселенің нақты неде екенін толық түсіну мүмкін емес. Байқағанымызша, педагогтардан жұмыстан шығу туралы өтініш жазуын талап етіп отыр. Кейін олармен қалалық мекеме аясында жаңа келісімшарт жасамақшы. Біз осы жағдайдың жай-жапсарын білу үшін педагогтардың бірі – Надежда Александровнаға хабарластық.
«Кеше Астанадан оқу-ағарту министрлігінен комиссия келді. Ең бастысы, осы жағдайға жол берген облыстық басқармадан өкілдер жиналысқа қатысты. Енді олар бізге: «Бүгін, 31 шілдеде біз мекемені қала балансына өткіземіз, енді сіздер Алматы қаласының аумағындағы №2 балаларды қолдау орталығының құрамына кіресіздер» деді. Сонымен қатар, барлық қызметкерлер, әсіресе тәрбиешілер жұмыстан босатылады екен. «Қазір бәріңіз өз еркіңізбен жұмыстан шығу туралы өтініш жазасыздар, кейін конкурсқа қатысасыздар. Аламыз ба, жоқ па, көреміз» дейді. Бұл не масқара? Өзіміз жұмыс істеп жүрген мекемеге қайта конкурс арқылы кіру керек пе? Олар бізді жұмыстан шығарып, балаларды екі орталыққа бөліп, осымен мәселені жабуды көздеп отыр. Бәрі тыныш шешіледі деп ойлайды. Бірақ, біз бүгін таңертең наразылық таныттық. Енді комиссияның қайта келуін күтіп отырмыз. Бізге: «наурыз айына дейін осында боламыз» деп айтты, өйткені жөндеу жұмыстары бірден басталмайды екен. Мен ең болмағанда адамдарды қалдырыңыздар, дедім. Бұл бізге нағыз психологиялық соққы. Бәрі күтпеген жерден болды. Бізді алдын ала ескерту керек еді. Кеше бәрі есеңгіреп қалды. Мен оларға ашық былай деп айттым: «Сіздер бізді жазалауға шешім қабылдағандай әсер қалдырдыңыздар», – деді мұғалім.
Айта кетейік, Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты мәселе көктемде басталған еді. Содан бері балалар үйі жанжалдан арылмады. №1 облыстық балалар үйін Қонаевқа көшіру жоспарланғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұған қарсы балалар бейнеүндеу жасап, бұрынғы ғимаратта қалдыруды сұрады. Кейін Алматы облысы әкімдігі қазіргі тәрбиеленушілер Алматыда қалатынын, ал жаңа келетін балалар Қонаевтағы жаңа мекемеге орналастырылатыны айтылып еді.
Сонымен қатар, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйін жөндеп, оқу процесін осы Бағанашылда жалғастыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ мекемені қаланың балансына қабылдауды тапсырды.
Біз Алматы облысының білім басқармасынан түсініктеме сұрадық. Алайда, осы материал жарияланған сәтке дейін жауап келмеді.
Orda.kz жағдайды қадағалап, ақпарат таратып отырады.
Автор: Александр Мохирева
Жаңалықтар
- Талғарда тағы бір қанды оқиға: Экс-әйелі анасымен бірге күйеуін 30 жерден пышақтады деген күдікке ілікті
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ