Бас прокуратура «Қаржаубайды қамасын» дегендерге жауап берді
Коллаж: Orda.kz
Сотталған азаматтардың туыстары марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қамауға алуды талап етіп, Қазақстан президенті мен Бас прокуратураға үндеу жолдаған еді. Осыған байланысты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жолданған хатта олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен трагедиядан кейінгі жағдайға құқықтық баға беруді сұраған.
Бүгін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұл мәселеге қатысты ресми деректерсіз пікір білдіру мүмкін емес екенін айтты.
«Мен күдіктілердің немесе басқа адамдардың туыстары айтқан сөздерге сүйеніп, пікір айта алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті негіз болуы керек. Істі қозғау туралы шешімді қылмыстық қудалау органы қабылдайды. Ол үшін тиісті арыз не өзге де материалдар келіп түсуі қажет. Олардың арыз берген-бермегенін мен білмеймін», — деді Шындалиев.
Сондай-ақ ол бұл іс бойынша сот үкімі әлі заңды күшіне енбегенін, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндігі бар екенін еске салды. Шындалиевтің пікірінше, бұл іс бойынша тергеу және сот процесі объективті өткен.
«Процесс өте сапалы, ашық және әділ өтті. Үкім шығару кезінде барлық дәлелдер мен сот барысында берілген куәліктер ескерілді. Мұндай ашық сот отырыстарының мақсаты — істің әділ қаралғанын және ештеңе жасырын емес екенін қоғамға көрсету», — деді ол.
Сонымен қатар, Әсет Шындалиев Шерзат Полаттың отбасына тиесілі үйді өртеу ісі бойынша тергеу әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, сотталғандардың туыстары Нұрымовтың әрекетін құқық қорғау органдары тексеруі тиіс деп есептейді. Олардың айтуынша, оның әрекеті қоғамда шиеленіс туғызып, әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келген.
Еске салсақ, Orda.kz тілшісі жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шеккевтен сұхбат алды. Талдықорғандағы Шерзат Полат ісі бойынша ашық сот процесінің ерекшеліктері мен есте қалған тұстарына тоқталды. Адвокат үкім шықса да, қоғамда әлі де қойылып жатқан «қылмысқа итермелеген басқа біреулер болды ма?», «неге нақты айғақтар ескерілмеді?» деген сауалдарға өз жауабын берді.
Жаңалықтар
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр