Бәрін былықтырған, статистика жалған: мәжілісте қоқысты қайта өңдеу мәселесі көтерілді
Фото: Pixabay
Мәжілістегі Республика партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында депутаттар мен экологтар қоқысты жинау мен қайта өңдеу және қалдықтардың саны туралы өзекті деректерді көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалдықтарды басқару жөніндегі Kaz Waste қауымдастығының басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов экологиялық кодекс бойынша бәрі қалай болуы керектігін жіпке тізіп айтып берді:
«Үшконтейнерлік жинау, жеке құрғақ, жеке - ылғалды және жеке – қауіпті фракция. Құрғақ және дымқыл фракцияларды бөлек тасымалдайтын қоқыс тасығыштар жүруі тиіс. Ал «қызыл» контейнерлерден қауіпті қалдықтарды мамандандырылған ұйымдар кәдеге жаратады. Бізде екі рет сұрыптау бар. Бұл экологиялық кодекс пен заңға тәуелді нормативтік база бойынша қалай болуы тиіс».
Бірақ шындық экокодексте көрсетілгеннен әлдеқайда ашақ болып шықты. Қоқысты бөлек жинау жүйесі 2020-шы жылдардың басында пайда болған сияқты, бір-екі жылдың ішінде кей жерде дабырсыз, кей жерде дау-дамайға ұласса да құрдымға кетті. Одан кейін орындалмаған үміт өзекті өртеп, ұрланған ақшаның қорқынышты елесі ғана қалды.
«Егер бәрі бір себетке салынып, бір машинамен шығарылатын болса, неге үйімізде қоқысты бөлек жинаймыз, деп бала-шаға да сұрайды. Содан кейін шығарылған қоқысты сұрыптауға қайтадан ақша бөледі. Қисын қайда?», - деп депутат Олжас Құспеков таңданысын жасырмады.
Республика фракциясының басшысы Айдарбек Ходжаназаров қоқысты өңдеуге тым аз көңіл бөлінетінін уәж қылды.
«Полигондарды қоқысты кәдеге жарату тарифі есебінен қаржыландыру – дұрыс емес. Бізге осы секторға айтарлықтай инвестиция қажет. Бірақ әзірге мен көрген барлық инвестициялық жобалар - «қоқысты өртеу» бағыты бойынша. Ал қайта өңдеу туралы сөз жоқ, біз жалпы қайта өңдеуді дамытуды жоспарлап отырмыз ба? Және әзірге жобаларда (Экология министрлігі - авт.) қоқысты сұрыптау және бөлек жинау үшін инфрақұрылым құру, халықпен жұмыс істеу, дұрыс сұрыптауға үйрету сияқты бағыт жоқ. Ал бұл жұмыс бізге қажет».
Ол сондай-ақ Экология министрлігінің баяндамасындағы көрсеткіштерге назар аударды – Қазақстанда біз жыл сайын 4,5 млн тоннаға дейін қоқыс өндіреміз, ал оның тек 27% ғана өңделеді. Қалғандарын көмеді немесе өртейді.
Бірақ, белгілі болғандай, бұл цифрлар шындық үшін тым жақсы. Қайта өңдеушілерде бар бейресми деректер бойынша, Қазақстанда жылына 8 млн тоннадан астам қалдық пайда болады, бұл қоқыс полигондарының көрсеткішінен екі есе көп.
Белгілі қазақстандық эколог Евгений Мұхамеджанов неліктен бұлай болып жатқанын түсіндірді:
«Көрсетілген сандар сапаға сай емес, себебі қоқыс тастайтын жерлерге мәліметтерді төмендету тиімді. Қоқыс шығаратын компаниялардың өкілдері келіп, статистика органдарына ақпарат бергенде: «Екі есе азайтыңыз, қоқыс үйіндісі бізге басқа сан берді», - дейді. Өйткені полигондарға эмиссия үшін ақы төлеу керек, ал олар көрсеткішті екі-үш есеге төмендеткісі келмейді. Бізге нақты сандарды аршып, проблеманы шешу керек».
Оның мәліметінше, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу үлесі ресми құжаттарда көрсетілген деректерден он есе аз. Іс жүзінде ол 3-5% -дан аспайды.
Эколог айтып өткендей, бүкіл әлемде қоқысты қайта өңдеу емес, оның пайда болуын азайту басымдыққа ие. Бұл үшін дамыған елдерде шыны ыдыстардың түрлерін зауыттарға қайта тапсыру үшін біріздендіреді, қоғамдық тамақтануда бір рет қолданылатын пластик және пластикпен тозаңдалған қағаз ыдыстарды пайдалануға тыйым салады. Ал Қазақстанда пластикалық бөтелкелер әлі күнге дейін әртүрлі болып келеді: ыдыстың өзі пластиктің бір түрінен, қақпағы - екіншісінен, ал заттаңбасы – үшінші түрінен.
Қазақстанда қоқыс тастау мәселесі жылда қайталана береді. Қазан айының соңында Алматы тұрғындары қоқыс полигонындағы кезекті өрттен шыққан ащы түтіннен қалыпты тыныс ала алмады.
Қоқыс жинау мәселесі әртүрлі факторларға байланысты туындауы мүмкін және оны шешу үшін кешенді тәсіл қажет. Мәселені шешуге арналған бірнеше ұсыныс бар.
Былтыр индустрия министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев қайта өңдеу ақысы жойылмайтынын мәлімдеген болатын.
Биылғы 11 ақпанда таңертең Green Recycle қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағында қоқыс сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылды.
Жаңалықтар
- Жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам көлік апаты болды
- Қазақтың көрнекті ақыны Күләш Ахметова дүниеден өтті
- Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
- Бәрін былықтырған, статистика жалған: мәжілісте қоқысты қайта өңдеу мәселесі көтерілді
- Журналистке тілін көрсеткен шымкенттік судья жауапкершілікке тартылды
- Жел соғып, тұман түседі: 15 қарашадағы ауа райы болжамы
- Тараздағы тергеу изоляторына «жылу» тасыған дрон құлады
- Ақтөбе облысында өгей әкесі зорлаған қыз бала тағы да зорлыққа ұшырады
- «Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ету — қылмыс емес»: Мирболат Мырзатайұлы не үшін сотталды?
- Өзбекстанда жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеген 21 жастағы қыз ұсталды
- Иманғали Тасмағамбетов «Бітімгерлер» тізіміне енгізілді
- Көк шабадандағы миллион доллар: Бишімбаевтың анасы мен қарындасы сотта куәлік етті
- Димаш Құдайбергенге арнап Германия әуежайында күй шертілді
- Қарғалыда Болат Назарбаевтың туысының үйін тонап кетті
- Жаңа куәгерлер келеді: Ілияс Сәриев «сүттен ақ, судан таза» екенін дәлелдеуге тырысып жатыр
- Ата-анасының «жаназасына» ақша жинаған астаналық тергеуге алынды
- Алматы облысында Қытай елінің туын өртеген 12 адам қамауға алынды
- Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қазақша сөйлеуден бас тартты
- Қырғызстанда енді ойын-сауық мекемелері 22:00-де жабылып, 22:10-да жарығы өшеді
- «Қолы байлаулы адам өзіне қол жұмсай ма?»: Арман Дүйсеновтің жұбайы Тоқаевтан араша сұрады