«Бәрі террорист емес»: Әміржан Қосанов Тоқаевты сынап ашық хат жолдады
Фото: Facebook /Amirzhan Kossan
Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов өз Facebook парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Хатта Қосанов 2019 жылғы президент сайлауында ресми түрде екінші орын алған азамат ретінде бес маңызды мәселе бойынша пікірін білдірген. Саясаткер хатында ел мүддесі мен азаматтық қоғамның пікір білдіру құқығының маңыздылығын ерекше атап көрсеткен. Ол министрлер мен әкімдерге тым сенбеуге кеңес береді, өйткені олардың бәрі бірдей таза ниетті және іскер деп айтуға болмайтынын ескертеді.
«Билікке сын айтқанның бәрі бүлікшіл емес, террорист емес. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Азат ойлы азаматтар ойындағысын айтсын, ол үшін қудаланбасын» деп жазды Қосанов.
Қосанов мемлекеттің қаржылық ресурстарын ішкі саясат пен рухани салаға дұрыс бағыттау қажеттігін атап өтті.
«Соңғы кезде қаржылық ахуал мүшкіл деген сылтаумен ішкі саясат, рухани салаға жұмсалуы тиіс қаржы қысқарып жатыр: өз идеологиясын қаржыландырмаған мемлекет басқа елдің идеологиясының құрбаны боп кетеді емес пе?».
Сонымен қатар ол билік айналасындағы кландық және касталық ұғымдардың күшейіп бара жатқанын да атап көрсеткен. Ол президенттің айналасындағы кейбір адамдардың билік үшін таласып, бір-бірін «түтіп, жеп қоюға» дейін баруы мүмкін екенін ескертіп, мұндай жағдайдың елдің амандығы мен жер тұтастығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Қосанов қазіргі кадрлық саясат пен электораттық мәселелерді де сынайды:
«Бүгінде Назарбаев тұсында салтанат құрған трайбализм, рушылдық, жершілдік секілді біртұтас қазақ ұлтына зиян келтіретін кадрлық кеселдер ушығып бара жатқан секілді. Кадр саясатын тым «дипломаттандырып» жібердіңіз, мықты елші мықты әкім болады деп кім айтты?».
Ол 2029 жылғы президент сайлауын ашық, әділ және қазақ ұлтының біртұтастығын қамтамасыз ететін форматта өткізуге шақырған.
«Өзіңіз сайлауға түспеймін деген алдағы 2029 жылғы науқанға өркениетті, қазақтың біртұтастығын қамтамасыз ететін, сайлау мейлінше жалпыұлттық тұрғыда легитимді болатындай жағдай жасаңыз» деп жазған Қосанов.
Хатта Қосанов жеке кездесуге шақырмайтынын, бірақ қоғам мүддесі үшін ой-пікірін ашық жеткізу қажеттігін де атап көрсеткен. Ол Президенттің «Алуан түрлі пікір – біртұтас ұлт» қағидатына сәйкес өз ойларын жеткізгенін және Қазақстанның әділетті, ашық қоғамға көшуін қолдайтынын мәлімдеген.
Айта кетейік, 2019 жылы ҚР президентін сайлауда оппозиция өкілі ретінде танылған Әміржан Қосанов қазіргі кезде Жазушылар одағының штаттан тыс кеңесшісі болып отыр. Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып сайланған соң, мінберде тұрып «Ешқашан біздің жазушылар оппозиция болмайды деп есептеймін. Болмауы керек деп есептеймін. Өйткені оппозиция деген сөз – мемлекеттің басшысына қарсы болу деген сөз. Мен оған келісе алмаймын» деді. Бұл жайлы толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады