Бапи: Назарбаев олигархтарының халық алдындағы қарызы неге өндірілмейді?

cover

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи халық қарызы мәселесіне арналған парламенттік тыңдауда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын олигархтардың қарызы неге өндірілмейді деген сұрақ қойды.

«Бұл залда үкімет өкілдері отыр, прокуратура өкілдері бар. Әрине, бұл үкіметтің халыққа несие алмауға жанашырлықпен кеңес бергені дұрыс, бірақ аш адамға ақыл үйретпейді. Мына қымбатшылық алқымнан алғанда, ондай адамға құрғақ ақыл неге керек? Сондықтан халықтан қарыз өндіру тақырыбына қатысты екі мәселе көтергім келеді. Біріншіден, прокуратура, неге бұрынғы Қазақстанның халық алдындағы қарызын өндірмейсіздер? Неліктен банк секторын жақсартамыз деген желеумен Ұлттық қордан шығарылған триллиондаған теңгені қайтаруды талап етпейсіздер? Неге халықтан қарызды өндіріп алғанша, банктерден ақша шығарған Назарбаевтың олигархтарынан халықтың пайдасына қарызын өндірмейсіздер?»,– деп сұрады Бапи жұма күні парламенттік тыңдауда. 


Оның пікірінше, егер бұл триллиондарды қайтаруға болатын болса, онда халықтың барлық несиелері 20 есе жабылуы мүмкін.

Ол активтерді өндіріп алу туралы заңның қалай орындалып жатқанын сұрап, активтерді қайтару жөніндегі комиссияның құрамында болған азаматтық қоғам өкілдерінің есімдерін атады.

Халық қалаулысының сауалына жауап берген бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев активтерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бірақ олардың байлығының заңсыз шыққаны туралы айғақ ретінде мүлкі тәркіленген тұлғалардың тізімі жария етілетініне сендірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар