Балқашта экс-полицей бұрынғы әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
Фото: gov.kz
Қарағанды облысының Балқаш қаласында экс-полиция қызметкерінің бұрынғы әйелін ұрып-соққаны белгілі болды. Бұл туралы жәбірленуші әйелдің туыстары айтты, деп хабарлайды Orda.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Зардап шеккен әйелдің туыстары полицияда жұмыс істеген бұрынғы күйеу баланың жазаланғанын қалайды. Ер адам әйелін 4 маусымда соққыға жыққан. Келіншек сол күні полицияға арыз жазған. Алайда экс-полицей ұсталмапты. Жәбірленуші әйелдің туыстары бұрынғы күйеу балалары қызметтік бабын пайдаланып жазадан құтылып кетеді деп қорқады.
Зардап шеккен әйел ауруханада ем қабылдап жатыр. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Болжам бойынша жанжал мүліктік дау негізінде болған. Ер адамның бұрынғы қызметі оның жазасын алуына әсер етпейді. Іс Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда жаттығу кезінде бір полицей көз жұмған еді. Оқ атып, әріптесін мерт қылған және жаттығуды ұйымдастыру мен қауіпсіздік талаптарының орындалуына жауапты болған қызметкерлер шендерінен айырылды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды