Балқаш ауданындағы жер дауы: мәслихат депутаты әкімнің орынбасарына ықпал етті ме?
Фото: Orda.kz
Балқаш ауданында жер дауы қайта өрши түсті. Аудан әкімінің орынбасары Қадыр Асқар Қадырұлы сот шешіміне қарама-қайшы жаңа қаулы шығармақ болды. Ол даулы жер учаскесін «Миялы Агро» компаниясына беруді тапсырды. Ал сот бұрын сол жерді «Тұмар» компаниясына тиесілі деп танып, құқықтарын қорғаған. Сонымен бірге, сот орындаушысы Марат Мырзабаевтың заңсыз әрекеттері мен мүлікті борышкерлер келісімінсіз беру деректері құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп жатыр.
Редакциямызға «Тұмар» компаниясының басшысы Айдарбек Нұрлан сұхбат беріп, әкімнің орынбасары мен сот орындаушысының қалай заң бұзғандығын айтып берді. Қазіргі таңда аппеляциялық сот отырысы жүріп жатыр. Айдарбек сегіз айға уақытша ұстау изоляторына қамалып Іле аудандық сотының шешімімен ақталып шыққан болатын.
Еске салар болсақ, Orda.kz редакциясы бұған дейін «Тұмар» компаниясы мен «Миялы агро» компаниясының арасындағы дау жайлы жазған. Сонымен қатар «Мияло агро» мәслихат депутаты Бақыт Атайбектікі екенін кәсіпкерлер жасырмады.
Orda.kz редакциясы жер теліміне таласқан екі компания жайлы және соттың шешіміне бағынбайтын әкімнің орынбасары жайлы зерттеп көрді. Сонымен қатар Асқар мырзаға телефон соғып оқиғаның мән жайын сұрады. Ол біздің сұрағымызға нақты жауап бере алмай, бізге тек сот шешіміне сүйендік деген жауап берді.
«24 қараша күні комиссия мүшелерін жинап, Балқаш ауданының әкімдігі жер мәселесіне қатысты адамдарды заңсыз жинап, актіге қол қойды. Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Асқар Қадырдың бастамасымен адамдарды заңсыз жинап, жер қатынастарына қатысты комиссиялық актіге қол қойылған. Осыған байланысты әкімдік жер телімін қайтадан дәл сол «Миялы агро» ЖШС-іне беру туралы қаулы шығаруды жоспарлап отыр. Мұндай қаулы шығаруға негіз ретінде сот орындаушысы Марат Мұрзабаевтың 2021 жылдың 26 сәуіріндегі қаулысы көрсетілген», — дейді Айдарбек.
Сот шешімі бар, бірақ қаулы басқаша шықты
Қадыр Асқар Қадырұлының жаңа қаулысына сәйкес, даулы жер учаскесін «Миялы Агро» компаниясына беру тапсырылған. Алайда бұл шешім бұрынғы сот шешімдеріне қарама-қайшы келеді. Алматы облыстық және Балқаш аудандық соттары жердің «Тұмар» компаниясына тиесілі екенін растаған. Жиналыс болатыны жайлы Тұмар компаниясына хабарланбаған. «Бірақ «Миялы агро» компаниясының өкілдері қатысты» дейді Айдарбек мырза.
Сот шешімдері әлі күшінде болса да, аудан әкімінің орынбасары:
- жерді «Миялы Агро»-ға беруді тапсырған;
- қаулы шығаруда конкурс өткізу қажет екенін елемеуін талап еткен;
- жиынға «Тұмар» компаниясының өкілдерін мүлде шақырмаған.
Сондықтан жиын компания басшыларының қатысуынсыз өткен. «Тұмар» өкілдері Orda.kz редакциясына былай деп хабарлады:
- оларға жиын туралы алдын ала хабарламаған;
- шешім біржақты және заңға сай емес;
- жаңа қаулы бұрынғы сот шешімдерін елемей қабылданған.
- Сонымен қатар жерді бір компанияға беру үшін конкурс өткізу керек болған. Ал әкімнің орынбасары конкур өткізбестен «Миялы агроға» жерді беруді жөн көрген.
Айдарбектің айтуынша, сот «Тұмар» компаниясының құқықтарын қорғағанымен, аудан әкімінің орынбасарының жаңа қаулысы сол шешімдерге қарама-қайшы келеді.
Қандай шешім шығаруы мүмкін?
Заңгерлердің пікірінше, егер лауазымды тұлға сот шешімін орындамаса, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 430-бабы «Сот актілерін орындамау» бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері де қарастырылуы мүмкін.
Редакция Балқаш ауданы әкімдігіне, Алматы облысының Әділет департаментіне және прокуратураға ресми сұрау жолдады. Әзірге жауап келмеді.
Сот орындаушысының әрекеттері: Марат Мырзабаев ісі.
Айдарбектің айтуынша, ол екі түрлі құжат жасап, бір жерді екі түрлі компанияға берген. Тұмар компаниясының басшысы Айдарбектің айтуынша Марат Мырзабаев жалған құжат жасап жерді «Миялы агроға» бергенін мәлімдеді. Сонымен қатар алдыңғы сот орысына да келмеді.
Алматы облысының Әділет департаменті жеке сот орындаушысы Марат Мырзабаевқа қатысты тәртіптік шара қолдануды қарастырып жатыр. Бұл іс «Отес-Ақдала» ЖШС компаниясының шағымынан кейін басталған. Шағымда сот орындаушысының әрекеттерінде бірнеше заң бұзушылық анықталған.
Іс қалай өрбіді?
2025 жылдың 19 ақпанында «Отес-Ақдала» ЖШС мен «Агрофирма Отес» сот орындаушысы Мырзабаевқа арестке қойылған жер учаскелерін өз бетінше сату құқығын беру туралы өтініш жолдады. 27 ақпанда сот орындаушысы өтінішті негізсіз кері қайтарды. 16 сәуірде Алматы облысының мамандандырылған әкімшілік соты Мырзабаевтың бұл шешімін заңсыз деп таныды. 27 мамырда апелляциялық инстанция бұл шешімді растады. Ең ауыр заңбұзушылық 25 сәуірде болды. Сол күні сот тыйым салған жер учаскелерін сот орындаушысы беріп жіберді.
Мырзабаев қандай заңбұзушылықтар жасады?
- атқарушылық істі тоқтатпай,
- сауда өткізбей,
- бағалау жасамай,
- борышкерлердің келісімінсіз,
- шамамен 1 миллиард теңге болатын жер учаскелерін ТОО «Коллекторское агентство Legal Solutions»-ке «натурамен» берді.
Іле аудандық соты бұл әрекеттерді заңсыз деп таныды. 10 маусымдағы сот шешімімен Мырзабаевтың 25 сәуірде шығарған үш қаулысы толық жойылды. 22 шілдеде облыстық сот бұл шешімді күшінде қалдырды.
Сот орындаушысының заңсыз әрекеттері: құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Алматы облысында Мырзабаевтың әрекеттері бірнеше заң бұзушылыққа байланысты тексеріліп жатыр. Сот шешімдері бойынша анықталған заңбұзушылықтар:
- борышкердің келісімінсіз мүлікті бағалау, саудаға шығару және беру;
- міндетті электрондық аукцион өткізбеу;
- борышкерлерге өз мүлкін сатуға рұқсат беруден бас тарту.
Әділет департаментінің мәліметінше, Мырзабаев атқарушылық іс материалдарын электрондық базаға толық енгізбеген. Сол себепті борышкерлер процестің қалай жүріп жатқанын бақылай алмай қалды.
Қазіргі кезде департамент Мырзабаевқа қатысты тәртіптік шара қолдануды қарастырып жатыр. Заң бойынша, егер сот орындаушысы азаматтардың құқықтарын шектесе, мүлікті заңсыз берсе немесе құжаттарды жүйеге енгізбесе, ол тәртіптік жауапкершілікке, ал қажет болса қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.
2025 жылғы 9 маусымдағы Іле аудандық сот шешімі бойынша Мырзабаевтың әрекеттерінде Қылмыстық кодекстің 251-бабы «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» белгілері бар екені көрсетілген жеке қаулы бар.
Сот әлі өтіп жатыр. Orda.kz істі бақылап, тікелей ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр