Балғынбек: Отбасын қирату - Отанды қирату

cover

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы» жаңа заң жобасына қарсы шығып, өзгертілуін талап етті.

«Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы!
Мәртебелі жаңа сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары!
Мен «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы» жаңа заң жобасын оқып шықтым. Заңгер болмасам да, тіл маманы ретінде, айтыскер ақын ретінде ондағы әр термин мен әр сөздің мағынасын, оның астарын, оның қыры мен сырын, жасырынған мәнін толық түсіне отырып бұл заң жобасы бала құқығын желеу етіп, ата-ананың абыройы мен беделін түсіретін, отбасы деген қасиетті ұғымның тамырына балта шабатын қитұрқы жоба деп мәлімдеймін. Тентегіне тек дей алатын, қисығын тезге салып түзейтін ата-баба дәстүрін, дініміздің қастерлі ұстанымдарын жоққа шығарып, батыстық үлгіні қабыл ету арқылы біз қай ұшпаққа шықпақшымыз?
Шариғаттың басты ұстанымы жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару емес пе? Басқаны былай қойып, өз баламызды жамандықтан тыйып, жақсыға бағыттай алмасақ, қазақ болып, мұсылман болып, тіпті, адам болып не керек?
Отан отбасынан басталады, ендеше, Отбасын қирату - Отанды қирату емес пе?
Кілемді ұру - оны жазалау үшін емес, шаңын тазалау үшін.
Баланы ұрсу - оны бұрыстығын айыптау үшін емес, дұрыстыққа лайықтау үшін.
Отбасына қол салғаны, Отанымызға отыз жыл бомбы жарғанынан жаман жаулық!
Мен айтыскер ақын ретінде Өз Отбасымның баянды бақыты, Өз Отанымның берекелі болашағы үшін бұл заңды кері қайтарып, күн тәртібі түгілі, мүлдем жыл тәртібінен, тіпті, Парламент тарихынан алып тастауды өтініп сұраймын!
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, жеті баланың әкесі ретінде, ТАЛАП етемін!», - деді Балғынбек Имаш. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар