«БАҚ-ты кіргізбеді, жария етуге тыйым салды»: Талғарда Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр
Фото: Orda.kz
Бүгін Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және басқа да тұлғаларға қатысты «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «бопсалау» айыптары бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілерден және куәгерлерден жауап алынады.
Orda.kz тілшісі сотқа онлайн қатысып, тікелей ақпарат таратып отыр.

Кезекті сот отырысында тілшілер сот залына кіре алмай, онлайн режимде қатысуға мәжбүр болды. Тілшілер үшінші мәрте сот процесін онлайн қарап отырғандарына наразы болды. Алыстан сотқа арнайы келген журналистер басқа бөлмеге жайғасып, соттың барысын тек онлайн бақылауға мүмкіндік алды. Тілшілер бірнеше рет судьяға өтініш жасап, сот залына кіруге рұқсат сұрағанымен, өтініштері қараусыз қалды.

Еске салсақ, бұл сот отырысы елдің бар назарын аударып отырған резонанс тудырған іске қатысты өтіп жатыр.
Судья Айнагүл Тукубаева жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағын баспасөз бетінде жариялауға тыйым салды. Сол себепті оқиғаның мән-жайы хабарланбайды. Куәгерлер де аты-жөндерін жариялауға қарсылық танытқан.
Бүгінгі сот отырысында жәбірленуші Аюпжан Тажиевтен және 6 куәгерден жауап алынады.
Алайда Хасан ісі бойынша жәбірленуші Аюпжан Тажиев сот отырысына келмеді. Сол себепті жәбірленушіні келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде қатыстыру ұсынылды.
Бұған дейінгі сот отырысында жәбірленуші Арман Әлімовтен жауап алынып, іске қатысты бейнежазба зерделенген болатын. Істе осы екі жәбірленуші бар.
Айта кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.
Іс бойынша Хасан Қасымбаевпен бірге Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров есімді азаматтар да айыпталып отыр.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Шерзат Полаттың өлімінен кейін айтыла бастады. 2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған.
Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды