БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды

cover Фото: nova.news

Иранның сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді Ислам Республикасының келесі жоғарғы көшбасшысы етіп сайлаған, деп хабарлайды Orda.kz Iran International басылымына сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметінше, шешім Ислам революциясы сақшылары корпусы қысымымен қабылданған. Өзге мәліметтер әлі айтылмады.

Моджтаба Хаменеи – қаза тапқан жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеидің екінші ұлы. Жасы – 56-да. Діни білім алған, ресми қызметтерді атқармаған. Reuters агенттігінің дерегінше, ол әкесіне жақындығы және Ислам революциясы сақшылары корпусымен тығыз байланысы арқылы ел саясатына шама-шарқынша ықпал етіп келген. 2009 жылы президент сайлауынан кейінгі наразылықтарды басуға жетекшілік етті деген мәлімет бар.

Айта кетейік, Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің соққысынан кейін қаза тапқан еді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар