Байтұқ пен Кривошеев НТВ-ның арандату туралы айыптауларына жауап берді

cover

Ресейлік БАҚ белгілі бір құжаттарға сілтеме жасай отырып, қазақстандықтарды елдегі қаңтар оқиғасы кезіндегі  наразылықты  өршітті деп айыптады.

Ғалым Байтұқ пен Денис Кривошеев НТВ арнасының Қазақстанда болған қаңтар оқиғасы кезінде  британ доллары үшін наразылықты өршітті деп айыптаған ресейлік журналистерге жауап берді. Айта кетерлігі, сюжетте айтылған  шетелден келді деген параның көлеміне екеуі де таңғалған жоқ. Ал Байтұқ тіпті: «Осындай жаңалықтарға қарағанда, мен қашан да Кривошеевтен көп алатын болып отырмын» деп әзілдеді.

Белгілі болғандай, Ғалым Байтұқ Канадада болуына байланысты жаңалықты кейінірек көрген. Дегенмен БАҚ өкілдерінің мұндай мәлімдемелері ол үшін жаңалық емес сияқты.

– Мұндай болжамдар 2016 жылғы жер митингілерінен бері айтылып жүр. Тіпті,  «ОРТ Еуразия» телеарнасы эфирінде мені жер митингісін қаржыландырды деп айыптаған.  Естеріңізде болса, әр наразылық білдірушіге шамамен 50-150 доллар берді деген.  Содан кейін мен кәсіпкерлерді қолдауға арналған рұқсат етілген митингінің ұйымдастырушысы болдым. Мен не айтайын? Көрдіңіз бе, менің өзімнің жеке саясатым бар, мен барлық наразылықтардың авторы емеспін, бірақ осылай мені бәріне қоса береді. Олар өтірік айтып жатыр ма, деген сұрақ дұрыс емес. Дұрысы – не үшін? Бұл маған және Қазақстанның Ресеймен одақтасуының кейбір аспектілеріне сын көзбен қарайтын басқаларға да белгілі. Бұл тіпті құлдық одақ келісімінің шарттарын қайта қарауды меңзейді, - деді блогер.

Дегенмен, ол қазақ билігіне қатысты өз ұстанымын жасырмай, тағы да нақтылай түсіп, былай деді: халықтың бұрынғы билікке наразылығын көтеру үшін шынымен де төлеу керек пе еді?

– Бәрі шегіне жетіп тұрды. Ал мен қоғамның белсенді өкілі ретінде өз жазбаларымда тек орын алған заңсыздықты айтып, билікке дабыл қақтым. Мен бұл әрекеттерімді зор құлшыныспен, әрі тегін жалғастыра беремін... -  деді Байтұқ.

Ал Денис Кривошеев мәскеулік әріптестерінің оны таң қалдырғанын мойындады.

– Мені бір жағынан эфирге шыққан фейк сапасының төмендігі, екінші жағынан сюжеті таң қалдырды. Дәйексөзге мағына беру үшін кемсітетін кейіп жасау керек екенін білмеппім. Өкінішке қарай, қазір біз осы «қоқысты» зерттеуіміз керек. Құжат деп отырғандары  күні немесе авторы көрсетілмеген, компьютерде терілген мәтін. Мәселен, маған келгенде, Әбдібековке, оның достарына қарсы жазуы тиіс журналист әріптесі Сергей Перкальский сияқты Қазақстанда бес жыл бұрын премьер-министр болып кеткен  Мәсімовті жамандауға тура келді.  Бірақ Қарағанды ​​облысында мұндай әкім жоқ, - деп түсіндірді Кривошеев.

Оның айтуынша, бұл тізімді жазған адамдар кімнің не істейтінін, кімнің  қайда жұмыс істейтінін тереңірек зерттеуге ерінген болуы мүмкін. Кривошеев: соңғы бір жарым жыл ішінде тек сырттан елге қарсы жұмыс істелініп жатыр, дегенмен көбісі  өз  ішімізде деп жазғандығын түсіндірді.

– Өкінішке қарай, НТВ журналистерінің сөз саптауларын  пайдаланып, егер оларды қазір бұрышқа тақап, тізімнің шынайы екенін дәлелдеуді талап етсе де, олар көздері бақырайып, шыңғырған шындық екенін дәлелдей бастайды. Ешқандай дәлел мен дәйек  көмектеспейді, себебі  ресейліктер кері шегінбейді! Менің ойымша  тізім – іздеу жүйелеріндегі  ақпарат арқылы құрастырылған. Олар «экономика немесе саясат туралы жазатын блогерді» іздей отырып,   бірнеше фамилия тауып алған. Қалғанының бәрі техника мәселесі. Мен де осындай тізім жасап, кез келген адамды қоса аламын, мысалы: Гүлнәр Бажкенованы, Вадим Борейконы, Арман Байтасовты тағы кез келген адамды, - дейді Денис.

фрагмент

Ол, керісінше, мемлекет басшысы Тоқаевты, тіпті  ҰҚШҰ-дағы әріптестерінің қолдауына жүгінген кезде де әрқашан қолдағанын атап өтті.  Cондай-ақ, ол британдық Браудер, оның доллары, көмекшілері және басқаларын  тіпті білмейтіндігін айтты.  Кривошеев шетелдік ұйымдардан грант алғанын да жоққа шығарды.

– Мен шетел азаматтарының елдің ішкі ісіне араласуын қабылдамаймын. Оның үстіне мемлекеттік қызметті шетелден қаржыландыруға тыйым салатын заң қажет деп есептеймін. НТВ мен басқа да ресейлік БАҚ Қазақстанды өзгенің саяси соғысына батырғысы келеді. Ел қаңтар оқиғаларынан әлі есін жиған жоқ. Көбі әлі соның ізінде жүр, жараның аузы әлі де ашық. Өткен 30 жылдағы басымыздан өткеннің бәрін қайта саралап, ой елегінен өткізу керек. «Кімнің  кім болғаны? Бұл қалай болды? Қалай осындай күйге жеттік?» деген сұрақтарға  өзің үшін,  қоғам үшін жауап іздеу керек. Оның орнына бізді керісінше басқа біреудің ақпараттық соғысына тартып жатыр. Мұны  қазақстандықтардың бір бөлігі жақсы түсінеді. Сәйкесінше,  екінші бөлігі айтылғанның бәрін нақты қабылдайды, - деп түйіндеді ол.

Айтпақшы, көптеген қазақстандықтар НТВ сюжетінде ресейліктердің өте оғаш құжаттарды көрсеткенін байқаған. Бұл құжаттарға сәйкес, Ғалым Байтұқ  ай сайын 5 мың доллар грант алып, мемлекет қолдауындағы олигархтармен күресіп жатқан шағын кәсіпкерлер туралы әңгімелерге назар аудартуға  нұсқау алған. Ал Денис Кривошеевке айына екі мың доллар ғана төленген. Ол ақша үшін «ел премьер-министрінің жұмысын ауық-ауық  айыптап,  жер дауы мәселесінде  биліктің әрекетін сынап отыруға» тиіс болған.  Бұлармен қатар материалда Қазақстанға белгілі тағы бірнеше тұлғаның есімі аталды.

Ресейлік журналистердің айтуынша, олардың барлығына «түрлі-түсті революциялардың» идеологы, британдық инвестор Уильям Браудер жомарттықпен ақша төлеп отырған. Дәлірек айтсақ, оның қоры АҚШ Мемлекеттік департаментінің мүддесін көздеп, жергілікті қазақстандық блогерлерді қаржыландырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар