Бахтиёр Зайнутдинов ресейлік «Динамо» клубының ойыншысы атанды

cover Фото: Инстаграм Бахтиёр Зайнутдинов

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубынан Ресейдің «Динамо» Мәскеу командасына ауысты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл трансфер арқылы Зайнутдинов бұрынғы бапкері Валерий Карпинмен қайта табысты. Футболшы бұған дейін Карпиннің қол астында «Ростов» клубында ойнаған болатын.

Мәскеулік клуб Зайнутдиновтің ауысуын әлеуметтік желіде жариялап, қазақстандық ойыншыны ресми түрде қарсы алды.

Өткен маусымда Бахтиёр Зайнутдинов Түркия чемпионатында «Бешикташ» сапында өнер көрсетті. 12 матчқа қатыстя. Бір мәрте командасындағы ойыншыға пас берді. Онысы нәтижелі болды.

Осылайша, 27 жастағы тараздық футболшы Ресей Премьер-лигасына қайта оралды. Бұған дейін ол Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсеткен. 2023 жылдың тамызында Зайнутдинов «Бешикташпен» келісімшартқа отырған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының ойыншысының трансферлік құны — үш миллион еуро.

Еске сала кетсек, Orda.kz Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған қылмыстар әшкереленгені жайлы жазған еді. Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарын прокурорлардың тексеруінің нәтижесінде 3 млрд теңгедей қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.


 


 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар