Бақытжан Сағынтаев «балаларға да екпе салына ма?» деген сұраққа жауап берді

cover

«Алматыда балаларға вакцина салу міндеттеле ме, жоқ па?» деген сұраққа Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жауап берді.

Бұл туралы Orda.kz Akimat LIVE-қа сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, қазір тек 18 жасқа толғандар ғана вакцина алады. Вакцина жасаушы Гамалеи орталығының мамандары балаларға екпе салдыруға кеңес бермейді.

– Қазір институт зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мүмкін, 12 жастан бастап салынатын жеңіл вакцина пайда болуы мүмкін, - деді қала әкімі.

Бірақ Pfizer балаларға арналған вакцинаны ресми түрде мақұлдады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы осы вакцинаны жеткізуді жеделдету туралы шешім қабылдады.

– Pfizer келген бойда ата-аналар балаларына екпе салдырғылары келетін шығар, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкім Алматы оқу жылына дайындалып жатқанын және оның оффлайн режимде өтетініне сендірді.

– Интернетте өмір сүріп жатқанымызға бір жарым жыл болды. Төртінші тоқсандағы проблемалық мәселелер шешілуде. Балалар мектепке барғанда ешқандай қауіп болмайды. Бірақ бәрі эпидемиялық жағдайға байланысты болады. Кейбір сыныптық шектеулер болуы мүмкін. Егер біреу ауырып қалса, бүкіл мектеп жабылмайды. Тек бір сынып екі аптаға, - деді әкім.

Бақытжан Сағынтаев COVID бірден жоқ болып кетеді деген үміт жоқ деп мәлімдеді. Ол бізбен бірге мәңгі.

– Ал оның «маусымдық тұмау сияқты одан жазылып шығу үшін» біз вакциналаудан өтуіміз керек. Егер бәрі қазірдегідей жүретін болса, біз онлайн оқуға ешқашан көшпейміз, - деді Сағынтаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар