БҚО полициясы 1178 ақбөкен мүйізін тәркіледі

cover Фото: Polisia.kz

БҚО полициясы Орал тұрғынан 1178-ден астам ақбөкен мүйізін тәркіледі.

Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ақбөкен мүйізінің үлкен партиясы МАЗ көлігінің астына жасырылған. Осылайша, ақбөкен мүйіздерін жеткізу және сату арналары тергеуге алынады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БҚО ПД Экстремизмге қарсы департаментінің қызметкерлері Орал қаласы арқылы ақбөкен мүйіздерінің үлкен партиясын тасымалдау туралы хабардар болды. БҚО-ның нақты іс-қимылдарының арқасында азамат С. басқарған МАЗ автокөлігі Конкина көшесінде ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1-1-бөлімінің 339 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - деді Махсудхан Аблазимов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар