БҰҰ Бас хатшысы G20 саммиті үмітін ақтамағанын айтты

cover Фото: REUTERS

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Римде өткен G20 саммиті туралы айтты. Ол Италияда өткен саммиттен көңілі қалып, үміті ақталмағанын жеткізді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Мен G20-ның жаһандық шешімдерді іздеуге деген жаңа міндеттемесін құптай отырып,  Римнен үмітім ақталмай кетіп бара жатырмын, - деп жазды Гутерриш Twitter парақшасында.

Ол сондай-ақ 31 қазан мен 12 қараша аралығында Ұлыбританияның Глазго қаласында өтетін COP26 конференциясынан үлкен үміт күтетінін айтты.

Гутерриштің айтуынша, конференцияға қатысушылардың басты міндеті – «Цельсий бойынша температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуіне жол бермеу және адамдардың бейімделу саласындағы уәделерін орындау».

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар