Әзірбайжандықтар мезгілсіз опат болған отандастарының мәйітін еліне әкетті

cover Фото: ТЖМ

Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан әзірбайжандықтардың денесі еліне жөнелтілді, деп хабарлайды Orda.kz. 

28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында көз жұмған 24 Әзірбайжан азаматының денесі Отанына жөнелтілді. Оның ішінде үш экипаж мүшесі бар. 

Ұшақ шамамен 50 минуттан кейін Бакудегі Гейдар Алиев халықаралық әуежайына қонады.

«Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. ДНҚ талдауына жақын туыстары қатысты», делінген Маңғыстау облысы әкімдігі таратқан хабарламада. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар