Әзірбайжан елшілігіне қазақстандықтар гүл шоқтарын қойып жатыр

cover Фото: Orda.kz

Астанадағы Әзірбайжан елшілігіне қазақстандықтар гүл шоқтарын әкеліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Azerbaijan Airlines-тің Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. Baza хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақ бортында 67 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.

«Алла аман қалғандарға көмектессін. Қазақтарға, бауырларымызға көмектері үшін рахмет», дейді Әзірбайжан диаспорасының өкілі Жаманшир Ағаев.


Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер саны 29 адамға жетті, оның 27-сі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар