AZAL ұшағын жоюға бұйрық берген Ресей капитанының түсіндірме қағазы пайда болды
Фото:Orda.kz
Биыл 1 шілдеде Әзірбайжан БАҚ өкілдері ресей капитаны Дмитрий Паладичуктың түсіндірме жазбасын жариялады. Құжатқа қарасақ, 2024 жылдың желтоқсанында ол Грозныйға жасалған дрон шабуылы кезінде әуе нысанын жою туралы бұйрық берген. Олар бұл әңгіме Бакуден Грозныйға ұшқан AZAL ұшағы туралы болды деп топшылап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
The Insider мәліметінше, түсіндірме хат шынайы болуы мүмкін.
Құжатқа зер салсақ, 25 желтоқсан күні таңертең Грозныйға дрондар жасаған жаппай шабуыл кезінде капитан дрон деп күдіктенген нысанды байқаған. Бірақ тұманнан оны анық көру мүмкін болмаған. Ол нысанның биіктігі мен жылдамдығын 51-дивизияның командалық пунктіне жеткізген. Көп ұзамай жою туралы бұйрық түсіп, Паладичук оны операторға берген. Бірінші зымыран нысанаға тимегеннен кейін, ол қайта соққы жасау туралы бұйрық берген.

Журналистер Дмитрий Паладичуктың шынымен де Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінде, соның ішінде Новосібірдегі әскери орындарда қызмет еткенін анықтады.
Редакцияға жақында болған телефон әңгімесінің аудиожазбасы келіп түсті. Сол әңгімеде Паладичук «ұшаққа оқ атылғаннан кейін» басшылықтың талабымен құжатты өзі жазғанын растаған. Себебі басшылық «талап етті». Ол жазбадағы өз қолтаңбасының ерекшеліктерін де атап өткен. Атап айтқанда, «ё» әрпінің ерекше жазылуын айтып, өз жазуы екенін мойындаған. Басылым оның дауысы бұрын Әзірбайжан БАҚ-тары жариялаған бейнежазбадағы дауысқа ұқсас екенін де ескертеді. Ол бейнежазбада оқ ату туралы бұйрық берілгені айтылған.
Сонымен қатар, The Insider капитан көрсеткен нысан сипаттамалары мен украин дрондарының әдеттегі параметрлері арасында сәйкессіздік барын атап өтті. Паладичуктың айтуынша, нысан шамамен сегіз шақырым биіктікте, секундына 120 метр жылдамдықпен қозғалған. Бұл көрсеткіштер көп дрондардан әлдеқайда жылдам. Журналистердің пайымдауынша, әскери қызметкерлерде бұл нысанның жолаушы ұшағы екенін ажырата алатындай жеткілікті деректер болған.
Жаңалықтар
- Сәтбаев қаласында қызметкерлерді пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды
- Алматыда бірнеше көлік пен жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
- Шалқарда құжаты жоқ мектептің ата-аналары президентке үндеу жасады
- Бажкеноваға өзін қорғауға мүмкіндік бермей жатыр — адвокат Мұрат Адам
- Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
- «Көлік иесі де ажал құшқан»: Ақтөбеде бөтен көлікке мінген 16 жастағы жасөспірімнің денесі көлден табылды
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді