AZAL ұшағы апатына қатысты жаңа деректер: сараптама алынды, қорытынды жасалып жатыр

cover Фото: Orda.kz

Ақтаудағы AZAL ұшағының апатқа ұшырау себептерін техникалық тұрғыда тергеу үшін қажетті жабдық өндірушілерден сараптама нәтижелерін алынды. Қазір комиссия мүшелерімен бірлесіп қорытынды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы журналистерге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Тергеу жалғасып жатыр. Барлық қажетті сараптамалар, яғни GPS-трекерлер, навигациялық жабдықтар және өндіруші тарабынан алынған қорытындылар бар. Қазір нәтижелер шығарылып жатыр, бұл қорытындылар комиссия мүшелерімен келісілетін болады. Комиссия құрамында, өздеріңіз білесіздер, Әзербайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясының сарапшылары, сондай-ақ Embraer компаниясының өкілдері және Халықаралық (азаматтық авиация) агенттігі өкілдері бар. Сондықтан халықаралық агенттік стандарттарына сәйкес, алдағы бірнеше ай ішінде Қазақстан қорытынды жасауы тиіс. Бұл техникалық бөлігіне қатысты», — деді Бозымбаев.

Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған рейс кезінде Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар