Қазақстанның ерекше «ливандық тобы»

cover

Қазақстанның Ливандағы бітімгершілік миссиясы 2018 жылдың қазан айында қазақстандық және үнділік бітімгершілік туралы меморандумға қол қойылған кезден басталды. Қазір Ливанда 120 қазақстандық жауынгерлер қызмет етуде. Бұл қазақстандық бітімгерлердің қауіп-қатерге толы Ливанда 6 ай әскери қызмет ететін төртінші жауынгершілік тобы. Қазақстандық жауынгерлер мен сержант, офицерлерінің елден жырақ шетелде қызмет атқаруы себептерін ORDA. арнаулы тілшісі Елтебер Ашин зерттеп көрді.


Қазақстанның алғашқы бітімгершілік батальоны «Қазбат» 2000 жылы құрылған болатын. 20 жылдан бері батальон көптеген өзгерістерді өткеріп, Қазбат немесе Қазбриг емес «Қазполк» деп атала бастады. БҰҰ стандарттарына сай құрылған полк осы ұйымның шетелдегі құрылымдарымен қатар сол мемлекеттегі әскери күштермен біріге қызмет атқарады. Қазіргі бітімгерлер ағылшын, түрік, неміс және араб тілдерін еркін меңгерген. БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік операцияларына қазір 41 мемлекет қатысады. Накура қаласында орналасқан бітімгерлердің бас штабы алдында олардың мемлекеттік тулары ілінген.

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

Бітімгершілік жауынгерлері мен офицерлері тіл білумен қатар БҰҰ-ның бітімгершілік туралы құжаттарын жатқа білуі керек.
Өте ауыр климаттық жағдайда қызмет етуге тура келетіндіктен бітімгерлер бұл қызметке өте қатал сыннан өтіп барып іріктеледі. Медициналық сараптамадан кейін моральдық-психологиялық қалыптылығы жан-жақты тексеріледі. Кейде тіпті Бейрутке ұшайын деп тұрғанда жіберілмей қалатын жағдайлар кездесіп қалады. Мен мұны айтып отырған себебім Десанттық-шабуылдау әскер қолбасшысы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіровпен Ливанға бітімгерлердің кезекті тобын шығарып салуға қатысқан болатынмын.


«Мен үшін қазір ең бастысы – менің жауынгерлерімнің Ливандағы өз міндеттерін атқарған соң аман-есен елге оралғаны», - деген еді генерал майор Әбубәкіров сол әуежайда.

«6 айдан кейін аман оралу үшін бітімгерлер барлық қиын жаттығулардан тек еліміздің полигондары ғана емес, алыс шетелде – БҰҰ-ның жаттығу орталығында, Нью-Делиде, тағы да басқа жерлерде дайындықтан өтті. Оларды екі жыл бойы Үндістанның бітімгерші тобының тәжірибелі нұсқаушылары дайындап, емтихан алды. Бұл салада Үндістанның мол тәжірибесі бар, өйткені олардың БҰҰ-ның түрлі миссияларында 70 жылдан астам уақыттан бері қатысып келеді және осы салада 7 мыңнан астам мамандары бар. БҰҰ-ның мандаты бойынша біздің бітімгерлер Ливанда белгілі бір қадағалау посттарында тұрады немесе тапсырылған жерде айналаны шолу жұмыстарымен айналысады. Бірақ ешқандай әскери қақтығыстарға қару асынып жүрсе де араласпайды. Үнді батальонының құрамына кіретін біздің бітімгерлер батыл жауынгерлер. Бірақ жауапкершілікті өте жоғары ұстайды. Сол себептен де Үнді батальонындағы тәртіп өте жоғары!».

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

Қаныш, Ливандағы біздің бітімгерлер неліктен Үнді батальонының құрамында, неге өз еліміздің атынан емес?

«1950 жылдан бастап Үндістан БҰҰ-ның бітімгершілігінде бай тәжірибе жинақтаған мемлекет. Бізде, әрине, әзірге ондай тәжірибе жоқ. Оған қоса біз қазір тек бітімгершілік рота (120 адам) ғанамыз. Ал БҰҰ-ның ережесі бойынша бітімгершілік міндетіне жеке өз атынан қатысу үшін мемлекет батальон құрамындағы, яғни 850 жауынгер, соған сәйкес қару-жарақ пен әскери техникасы болуы керек. Сондықтан бізге әзірге Үнді батальонының құрамында болған тиімді. Олармен бірге жаттығамыз, үйренеміз».

Расында, RITEX әскери жаттығуларына қатысқан біздің десанттық шабуылдау әскерінің жауынгерлері батылдық пен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, мақтаулар алып жатыр. Бітімгершілік ротасының командирі Жанат Бірбаланов жауынгерлеріне риза. Біз онымен телефон арқылы сөйлестік.

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

«6 айдың ішінде біз барлық жаттығулар мен әскери дайындықтар жұмысына белсенді түрде қатыстық. Жоғары жауынгерлік шеберліктерімізді көрсеттік. Әскери жаттығу дабылымен ерте тұрып, әскери ойын тәртібімен минаны залалсыздандырған француз әскерилерін, бейбіт тұрғындарға зиян тудырмас үшін жолдарды қоршап тұрдық. Десанттық шабуылдау әскері жаттығу алаңында өз міндеттерін атқарып жатқанда, әскери медиктер де өз жаттығуларында «жаралыларға» көмек көрсетіп жатты.

Біздің бітімгерлерге планетамыздың отты жері қауіп-қатерден басқа не береді? Әрине, Ливандағы бітімгершілік Ауған соғысы емес. Бірақ жай серуен де емесі белгілі ғой?

Менің бұл сұрағыма Қаныш Әбубәкіров офицерше қысқа да нұсқа жауап берді.

«Біздің еліміз бейбіт өмір сүріп жатыр. Ал Ливанда олай емес. Бітімгершілік міндеті халықаралық қауіпсіздікті бекітіп қана қоймай, Қазақстанның өзге мемлекеттер алдында халықаралық абыройын да көтеретін міндет. Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік миссиясы оларға мол жауынгерлік тәжірибе береді».

Мен «Қазбаттың» жауынгерлерінен бітімгершілікпен бара жатқан елдерің туралы не білесіздер деп сұраған едім. Оған үшінші бітімгершілік взводының командирі Сұлтан Сармұрзаевтың жауабы:

«Ливан – Таяу Шығыста орналасқан шағын мемлекет. Оның жағалауын Жерорта теңізі шайып жатыр. Көрші мемлекеттері Сирия мен Израиль. Таяу Шығыста халифат орын ала бастаған кезде Ливанға ислам діні келді. 16-20 ғасырдың басына дейін Ливанда Осман империясы үстемдік құрды. Осман империясы құлаған соң Ливан Сириядан бөлініп шығып, Францияның басқаруында болды. 1943 жылы Ливан тәуелсіздігін жариялады. Бес жыл өткенде араб елдерінің Израильмен соғысына қатысты. 1958 жылы Ливанда бірінші азаматтық соғыс басталды. Екінші азаматтық соғыс 15 жыл жүрді – 1975 жылдан 1990 жылға дейін. Онда 150 мыңнан астам ливандық шығын болды. 1976-2006 жылдары Ливанда Сирияның әскері үстемдік етті, осы кезде Израильдың ЦАХАЛ әскери күші елге екі рет басып кірді. 2006 жылдан бастап Ливанда әскери әрекеттер болған жоқ».

Кіші офицердің бұл жауабына қатты таңқалдым. Үйіме келе салып компьютер арқылы Қазақстандық бітімгерлер қорғап жатқан Ливан туралы білімімді жетілдірдім.

Ливанда 6 миллионан астам адам тұрады. Араб дүниесінде бұл елдің діни ерекшеліктері бар. Мұнда мемлекет билігі конфессионализм деп аталатын саяси жүйе арқылы жүреді. Сол жүйе бойынша қоғам бірнеше діни қауымдастыққа бөлінген. 1975-1990 жылдардағы азаматтық соғысқа дейін Ливан бай мемлекет болды. Мұнда христиан дініндегілердің саны көп болды. Сондықтан болса керек оны «Таяу шығыс Швейцариясы» деп те атайтын.

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

Ливандағы бітімгерлік міндетінің басты мақсаты – елдің оңтүстігінен Израиль әскерін шығару, жергілікті үкіметке көмектесу, халыққа гуманитарлық көмек жасап, шетелге кеткендерді елге қайтару.
Ливанда БҰҰ-ның бітімгершілік міндеті 1978 жылдан бері қызмет етуде. 2020 жылдың 4 тамызында Бейрутте өте зор жарылыс болды. Біздің бітімгер жауынгерлерімізге үлкен қауіп төнді.

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

Жарылыс орнында бірден 170 адам қаза тапты. Алты мың адам жараланды. Дәрігер-травматологтар жетіспей жатты. Сол кезде біздің үкімет Бейрутке еліміздің ең таңдаулы әскери хирургтерін көмекке жіберді. Республика Қарулы күштері Әскери медицина Орталығының бастығы, медицина қызметінің майоры Ержан Смайыл журналистерге сол кездегі қызметтері туралы:

«Ливандағы жарылыстан жағадағы ең үлкен қойма өртеніп, ондағы дәрі-дәрмектен түк қалмаған. Орталықтағы ауруханалар жаралыларға лық толы болды. Бейрут – зардап шеккен орталыққа айналды. Біздің медициналық отрядымыз 24 сағаттың ішінде жасақталып, дайын болдық. Біз Бейрутке ұшып келе салысымен өзіміз орналасқан қонақүйді госпитальге айналдырдық. Медициналық киімімізді киіп бірден іске кірісіп кеттік. Ливандық дәрігерлермен операциялар жасадық. Жергілікті ауруханаларда дәрігерлер жетіспегендіктен бізден терапевтік, неврологиялық, қан жүйесі, аяқ-қол буыны ауыратындарды да қабылдауымызды өтінді. Жергілікті тұрғындар бұл жерде медициналық жәрдемнің өте қымбат тұратынын айтып жатты. Біздің уақытымыз аяқталғанда біз оларға қалған дәрі-дәрмектерімізді тегін тастап кеттік».

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

Ержан, сол сапарларыңыз біздің әскери дәрігерлерімізге нендей сабақ берді?

«Ең алдымен біздің бұл сапарымыз Қазақстанның Қарулы күштері мен оның әскери медицинасының абыройын көтерді. Ливан халқы Қазақстанның бітімгершілеріне сыйластықпен қарап, алғыстарын жаудырды. Әскери медицина саласында тәжірибе алмастық. Мынадай дағдарыстық жағдайда қалай әрекет етуді үйрендік. Ливан республикасының Денсаулық министрі Хамад Хасан біздің қызметімізге өте жоғары баға берді. Мемлекетіміздің басшыларына алғыстарын айтты. Коронавируспен күресте де біріге қызмет ететінімізге сенім білдірді».

Отбасыларыңыз Ливанға сапарларыңызды қалай қабылдады?

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

«Біздің отбасыларымыз біздің шұғыл түрде жиналуымызға үйренген. Біздің басты міндетіміз – адамды құтқару. Біз Гиппократ антын бергенбіз. Әскери антымыз да бар. Әр секунд сайын адам үшін күреске дайынбыз. Мұны менің әйелім Айнаш та, үш ұлым Санжар, Айбар, Әлиакбар да біліп, түсінеді. Олар мені әрдайым жеңіспен оралатыныма сенеді!».

«Ең басты міндетіміз – істі абыроймен атқару , – деп қорытындылады біздің әңгімемізді Десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшысы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров. Біздің бітімгерлердің әскери шараларға қатысы жоқ, сондықтан қорықпаңыздар».

Солай десе де біздің жауынгерлердің қаруы арқасында. Автоматына қажетті оқ та бір айға жетерлік мөлшерде. «Қару қолданатын операциялар тек Ливан Қарулы күштері өтінген жағдайда ғана жүзеге асырылады».

Сонда біздің бітімгер жауынгерлеріміз соғыс әрекеттеріне қатысуы мүмкін ғой?

«Жоқ. Олар тек айналаны бақылап, қадағалап тұрады. Басқаша айтқанда «сырттан келетін күштерді» ұстап тұрады немесе қарама-қайшылықтар кезінде топты ажыратушылар болады. Яғни қантөгістерді болдырмау мақсатында жүретін арашалаушылар. Біздің Ливандағы міндетіміз бейбітшілікті сақтау, қолдау көрсету. Біз бұған дайынбыз. Осы мақсатқа қызмет етеміз. БҰҰ-ның әртүрлі өкілдерінен алған айқындамамыз бар. АҚШ және Ұлыбритания әскери күштерімен «Дала бүркіті» жаттығуларын бірге өткізіп, тәжірибе алдық».

Тәжірибе расында да өте құнды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сондықтан да болса керек, Қазақстанның бітімгерлік мүмкіндігі оны бүкіл Орта Азияның бітімгерлік торабына айналдыра алатындығы туралы айтылған болатын.

Енді ақша туралы айтайық. Ақша бәрімізге керек, әскерилерге де, әрине. Ливандағы жауынгерлеріміз ақшаны еліміздегі жауынгерлерден үш есе артық алатыны белгілі. Ал офицерлердің жалақысы жауынгердікінен көбірек және оның іссапары үшін алатын ақысы да бар. Бұған қоса БҰҰ Қазақстанға Бас Ассамблея бекіткен әр бітімгерге ай сайын төленетін 1428 долларды қосыңыз. Бұдан кейін әр бітімгерге төленетін тәуліктік 1,28 доллар, денсаулыққа -10,5 доллар, оған 15-20 күн еңбек демалысын қосыңыз. Мұндай артықшылыққа контракттегілер алты ай емес, зейнет жасына жеткенше ливандық топта қызмет еткісі келер еді.

Крутой «ливанский замес» миротворцев из Казахстана

Егер, жалпы БҰҰ-ның миссиялары туралы айтар болсақ, бүгінгі күнге 124 елден 91 мың әскерилер осы ұйым аясында қызметте.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы миссиясында 5 жауынгер Батыс Сахарада (MINURSO) қызмет атқарып жатса, Қазақстан Қарулы күштерінің 15 офицері (Батыс Сахара – 12 и Кот-д’Ивуар – 3) қызметтерін аяқтап қайтты.

БҰҰ-ның Кот-д’Ивуаредегі бітімгершілік міндеті 2018 жылдың 1 қаңтарында аяқталған болатын. Қазір енді тек Ливан қалды. Бүкілдүниежүзіндегі бейбітшілік сүйгіш қауым Ливанның өзекті мәселелерінен тыс қала алмайды. Орын алған қайшылықтарды дер кезінде жоймаса, ол көрші мемлекеттерге де тарайды. Сондықтан бітімгершілер барған жерде бейбітшілік үшін күрескені – ол өз еліндегі бейбіт өмір үшін күрескені болып табылады. Ал біз үшін ең бастысы –бітімгерлердің елге аман оралуы.

Авторы: Елтебер Ашина

Аударған: Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар