Қазақстанның 4 өңірінде карантин талаптары күшейеді
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысын өткізді.
ВАК ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады:
«Ashyq»-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі тоқтатылады.
Демалыс күндері «Аshyq»-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, СОСО-ның, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт объектілерінің (спорт кешендерінің, спорт мектептерінің, спорт клубтарының, жаттығу залдарының), қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың (тамақ жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі), фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, моншалардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, цирктердің, алаңы 1000 м² асатын азық-түлік емес тауарларды сататын объектілердің, ашық және жабық базарлардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, түнгі клубтардың, білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады.
Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық ғимараттардағы аттракциондар), СОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, ашық және жабық базарлардың қызметі шектелген.
Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін («Ashyq» қатысушылары – сағат 20:00-ге дейін) қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтарының, спорт объектілерінің, бассейндердің, кинотеатрлардың қызметі шектеледі.
Вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын жұмылдыру, оның ішінде резервтік төсек-орындарды, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныш құралдарын, медициналық жабдықтар мен кадрларды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысына ерекше назар аудару керек.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады