Қазақстандықтар саны 249 мыңға артты

cover

Ел халқының саны 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 18 миллион 984,8 мың адам болды, оның ішінде қалалық – 11 млн 237 мың (59,2%), ауылдық – 7 млн 747,8 мың (40,8%) адам.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес 2020 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 249 мың адамға немесе 1,3% - ға өскен.

«2021 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-мамырмен (106,8 мың адам) салыстырғанда 4,4% - ға ұлғайып, 111,5 мың адамға жетті. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 14,18 адамды құрады» делінген есепте.

АХАТ органдарының деректері бойынша осы жылдың қаңтар-мамыр айларында туғандар саны 175,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,7% - ға артық (156,8 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,28 туғандарды құрады.

Бұл ретте қайтыс болғандардың саны 63,7 мың адам, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда (50 мың адам) 27,3% - ға артық. Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,10 болды.

Нәрестелердің де өлім-жітімі өскен.

Осы кезеңде республикада бір жасқа дейінгі 1423 қайтыс болған сәби тіркелді және 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (1221 қайтыс болған сәби) 16,5% - ға артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 8,12 жағдайды құрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар