Қазақстандықтарға 42 500 қайта төленбейді

cover

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кезекті карантиндік шараларды күшейту қарсаңында барша қазақстандықтарды толғандырып отырған сұраққа жауап берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ведомство мәлімдегендей, бұл өңірлердегі шектеу іс-шаралары «әдетте, қысқа мерзімге созылатындығына» байланысты.

— Бүгінгі таңда бұл қолдау түрлі жеңілдіктермен ұсынылған (салықтық және басқа да есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий және т.б.). Осыған байланысты, 42 500 төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды, – деп жауап берді министрлікте.

Жақында 60-қа жуық көп балалы ана «Nur Otan» бас кеңсесіне барып, көп балалы отбасының әрбір баласына мемлекеттен 42 500 теңгеден алуды талап етті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар