Қазақстандық боксшы Италия чемпионын жеңді

cover

Қазақстандық ауыр салмақтағы Мәди Әміров (91 келіге дейін) Польшадағы жастар арасындағы әлем чемпионатында дебюттік жекпе-жекте жеңіске жетті. Ол біздің бокс құрамасында турнирді сәтті бастаған үшінші боксшы.

Ақпарат Vesti.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бірінші жекпе-жекте Әміров Италия чемпионы Лука Тистареллимен кездесіп, қарсыласын төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді: барлық раундтар қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды (5:0).

Екінші айналымда қазақстандық Иорданиялық Түрік Әл-Равашдехпен кездеседі. Олардың жекпе-жегі 17 сәуірде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екі қазақстандық боксшы турнирді жеңістен бастаған болатын. Алдымен Ерболат Сабыр (56 келіге дейін) Венгр Герго Шараздан жеңіп, одан кейін Кенже Мұратұлы (52 келіге дейін) шотландиялық Леннон Маллиганды жеңді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар