Қазақстанда туу статистикасы рекордтық көрсеткішке жетті

cover

Былтыр Қазақстандықтар арасындағы туу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Осыған орай елімізде жаңа мектептер салу бойынша Жол карталары жасалады.

Ақпарат Energyprom.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

2020 жылы кішкентай қазақстандықтардың туу саны бойынша - 460 мыңға жетіп, рекордық көрсеткішке ие болды.

Бұрын бұл көрсеткіш тұрақты түрде 400 мыңға жуық болған. Дүниеге келген балалардың барлығы 6-7 жылдан кейін мектепке баруы керек.

БҒМ мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 7429 мектеп жұмыс істейді, онда 3,4 миллион бала оқиды. Оның ішінде 137 мектеп — үш ауысымды, тағы 34 мектеп апатты жағдайда.

2020 жылдың соңында еліміздің барлық өңірлері бойынша оқушы орындарының жалпы жетіспеушілігі 168 мыңнан асты. «Атамекен» адам капиталын дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева 2021 жылы оқушы орындарының тапшылығы 264,8 мыңға баратынын айтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар