Қазақстанда әрбір алтыншы бала кедейлік зардабын шегіп жүр

cover

Юнисефтің айтуынша, Қазақстанда 1 млн бала кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Ал Қазақстан билігі, керісінше, кедейлікті жеңгенін мәлімдейді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қазақстанда 6 млн бала бар, балаларға көмектесетін халықаралық үкіметаралық ұйым - Юнисефтің айтуынша, елдегі әрбір алтыншы бала кедей.

ProTenge Тұрақты Даму Мақсаттары туралы есеп бойынша, Қазақстан кедейлікті еңсерді дейді. ҚР ресми түрде 814 мың адамды кедей деп таниды.

Белгілі болғандай, Еңбек министрлігі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% -дан төмен табысты адамды кедей деп таниды. Яғни, егер адамның табысы 24 мың теңге болса, онда оны кедей деп санауға болады. Айтпақшы, елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 300 теңгені құрайды.

Еске салсақ, Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сай, 2021 жылы қазақстандықтар өз кірістерінің 41,8%-ын азық-түлікке жұмсады. БҰҰ жіктеуішіне сәйкес, бұл өмір сүру деңгейінің төмен деңгейі болып саналады.

Сондай-ақ, 2021 жылы қазақстандықтардың тамақ өнімдеріне шығыстары бір адамға 96,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 4,6% артық.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар